Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет16/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96
ПОЛИГИБРИДТІ БУДАНДАСТЫРУ
Бір 
-
бірінен 
үш 
немесе 
одан 
да 
көп 
белгілерінде 
айырмашылықтары бар дарақтарды будандастыруды полигибридті 
будандастыру деп атайды. Оларда белгілердің ажырау сипаты 
дигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек 
болады. Мысалы, егер түқымы сары, тегіс, қызыл гүлді бүршақ 
өсімдігін 
түқымы 
жасыл, 
бүдырлы, 
ақ 
гүлді 
бұршақпен 
будандастырса, доминанттылық заңына сәйкес F і -д е алынған будан 
үрпақтың барлығы да біркелкі болып шығады, ал Ғ2 -д е күрделі 
ажырау жүреді. Тұқымның пішінін анықтайтын гендерді - А - а, 
түсін - В - в, ал гүлдің түсін - С - с деп белгілесек, сонда ата -
аналық формалардың 
біреуінің 
генотип} 
ААВВСС,екіншісінікі 
ааввсс, ал Ғ і -де алынатын будан организмдікі АаВвСс болып келеді. 
Мұндай будан өсімдік сегіз түрлі гамета түзеді: ABC, АВс, АвС, Авс, 
аВс, аВс, авС, авс. Олардың өздігінен тозаңдануы нәтижесінде Ғ2 -де 
зиготалардың 64 түрлі комбинациясы түзіледі
Қорыта келгенде, Мендель жоғарыда келтірілген зерттеулерінің 
негізінде түқым қуалаушылықтың аса маңызды заңдылықгарын 
ашты. Бір белгінің екінші белгіге тәуелсіз екендігін дэлелдей отырып.
52


ол тұқым қуалаушылықтың дискреттілігін, бөлшектене алатындығын 
жэне генотиптің организмдегі белгі - қасиеттерді анықтайтын 
бірліктерден, яғни гендердің жиынтығынан тұратындығын көрсетті.
ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Мендель ашқан заңдылықтардың дұрыс екендігі 1900 жылдан 
кейін өсімдіктер мен жануарлардың түрлі белгілері мен қасиеттерінің 
түқым қуалауына жүргізілген көптеген зерттеулердің негізінде 
дәлелденеді және Мендель анықтаған будан үрпақтағы белгілер 
ажырауының ара қатынасы эрбір ген тек бір ғана белгінің тұқым 
қуалауын қуаттаган жағдайда ғана дүрыс болып есептеледі. Мысалы, 
бір ген бұршақ тұқымының тегіс болуын, екіншісі - бұдырлығын 
анықтайды.
Сонымен қатар гендер мен олар анықтайтын белгілердің ара 
қатынасының күрделірек және әртүрлі сипатта болатындығын 
аңғартатын біраз деректер жинақталды. Біріншіден, бір геннің өзі 
қатарынан бірнеше белгіге эсер ете алатындыгы, екіншіден бір 
белгіні кейде бірнеше ген бірігіп 
анықтайтындыгы, ягни бүл 
жағдайда гендердің өзара әрекеттесетіндігі белгілі болды. Сөйтіп, 
организмнің көптеген белгілері мен қасиеттерінің фенотиптік көрінісі 
онтогенез кезінде гендердің өзара эрекеттесуімен айқындалады.
Гендердің өзара эрекеттесу қүбылысының ашылуы генетиканың 
әрі қарай дамуында маңызды орын алады. Осы заңдылықтың 
негізінде организмнің түқым қуалайтын факторлардың мозайкасы 
екендігі туралы XIX- ғасырдың 
аягында неміс биологы А.Вейсман
53


ұсынған ұғым теріске шығарылды. Оның орнына организмнің кез- 
келген белгісінің дамуы барысында генотип жүйесіндегі гендердің 
күрделі байланыстары мен өзара әрекеттесуі туралы мәселе көтерілді.
Кейде бір геннің өзі екі немесе бірнеше белгілердің дамуына 
эсер 
етеді. 
Мүндай 
құбылысты 
геннің 
жан-жақты 
немесе 
плейотропты әсері деп атайды. Гендердің плейотропты әсерінің 
биохимиялық 
негізі 
біршама 
жақсы 
зерттелген. 
Бір 
геннің 
бақылауымен түзілетін бір белок фермент тек жалғыз ғана белгінің 
дамуын анықтап қоймайды, сонымен қатар басқа да белгілер мен 
қасиеттердің дамуына қатысты биосинтез реакцияларына эсер етеді. 
Плейотропия көптеген организмдерде кездеседі. Мұны алғаш рет 
Мендель байқаған. Ол гүлдердің түсі қара қошқыл өсімдіктер 
жапырақтарының қынабында қызыл дақтардың болатындығын, ал 
түқымының қабығы сүр немесе қоңыр түсті болып келетіндігін 
байқайды. Осы үш белгіні бір ғана ген анықтайды.
Гендердің өзара әрекеттесуінің аллельді және аллельді емес екі 
түрі бар. Аллельді түріне толымсыз доминанттылықты жатқызуға 
болады. Мысалы, қызыл жэне ақ түсті намазшам гүлдерін өзара 
будандастырганда F j -д е қызғылт түсті будан ұрпақ алынады. Бүл екі 
аллельді гендер А мен а-ның өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп 
қарастыруға болады. Бүл жағдайда доминантты ген рецессивті генге 
басымдылық көрсетеді. Аллельді емес гендердің өзара әрекет- 
тесуінің комплементарлы, эпистаз, полимерия жэне модификация 
деген 4 типі бар.
54




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет