мутацияға ұшырау жиілігі 1:200 000. Әрбір жеке генге шағып
қарастырғанда бұл көрсеткіштер аса жоғары емес. Бірақ жоғары
сатыдағы организмдердің гаплоидты хромосома жиынтығында
бірнеше мың геннің болатындығын жэне оның әрқайсында мутация
жиілігі 1:
1000 000 болып келетіндігін ескерсек, мутациялы
гаметаның саны оншалықты аз да болып шықпайды.
Бір организмнің әртүрлі гендері түрліше жиілікте өзгере алады.
Немесе бір геннің басқаларына қарағанда бірнеше рет мутациялануы
мүмкін.
Мүндай
заңдылық
жүгері
эндоспермінің
белгілерін
анықтайтын жеті түрлі геннің секірмелі мутацияларынан аңғарылады.
Бүл өсімдіктің боялған алейрон қабатының гені бойынша 500
гаметаға шаққанда бір мутация пайда болатын болса, қатпарлы
эндосперм гені бір миллион гаметаға бір ғана мутациядан келеді.
Секірмелі мутацияның мөлшері организмнің физиологиялық
жағдайына жэне клеткада болатын биохимиялық өзгерістерге де
байланысты. Мысалы, М.С.Навашин мен Г.Штуббеннің айтуы
бойынша түқымды қамбада ұзақ уақыт бойы сақтағанда олардың
ескіруі себепті мутациялық өзгергіштіктің пайда болу жиілігі артады.
Секірмелі мутацияның пайда болу себебінің біріне клеткада кейбір
заттардың биосинтезіне кедергі келтіретін мутагендік қасиеті бар
бөгде қосылыстардың жинақталуын да жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: