Оқулық Алматы 2005 ббк 28. 04 М 87 Оцуыцты жогары оцу орындары студенттеріне



Pdf көрінісі
бет77/96
Дата24.11.2023
өлшемі8,63 Mb.
#125580
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96
СЕЛЕКЦИЯ ҮШІН ҚАЖЕТТІ
ӨЗГЕРГІШТІК ТҮРЛЕРІ
Жекелеген 
қасиеттер 
мен 
белгілердің 
тұқым 
қуалау 
зандылықтарын ескере отырып, селекционер өзінің қалауы бойынша 
будандастыру 
арқылы 
оларды 
келесі 
ұрпақтарда 
бір-біріне 
сәйкестендіріп дамыта алады. Мысалы, бидай дэнінің сапасын оның 
сабанына, жүгері сабағының үзындығын собығының мөлшеріне т.б. 
белгілеріне сәйкестендіруге болады. Мұндай белгілердің түқым 
қуалауы Мендель заңдарына сай жүреді. Осы заңдылықтарды терең 
білгенде ғана селекционер эртүрлі будандастыру әдістерін қолдана 
отырып, организмнің бойындағы қажетті қасиеттерді дамытып, 
қажетсіздерін алып тастай алады.
Құндыз, түлкі сияқты 
бағалы аң терілері түстерінің тұқым 
қуалайтындығы жақсы зерттелген. Кейбір гендерді комбинациялау 
арқылы бірнеше түрлі-түсті терілер алуға болады.
Тұқым 
қуалаушылықтың 
заңдылықтарын 
селекцияда 
қолданудың тағы бір мысалы ретінде, тауықтардың автосексті 
тұқымдарын айту керек. Олардың балапандарының жынысын 
жұмыртқадан шығысымен ажыратуға болады. 
Сөйтіп этештерді
206


бірден іріктеп алып, бордақылап өсіруге ыңғайлы. Бұл мынандай 
генетикалық заңдылыққа байланысты нәрсе. Тауықтарда жыныспен 
тіркесіп тұқым қуалайтын қауырсынның жолақ болуын анықтайтын 
доминантты ген (В) болады. Тек жалғыз ғана X хромосомасы бар 
ұрғашы балапандарда В генінің дозасы аз, ал еркек балапандарда екі 
XX хромосома болатындықтан екі ВВ гені, яғни екі есе артық дозасы 
бар. Сондықтан олардың қауырсынының жолағы анық білінеді.
Селекцияда 
өсімдіктердің 
әртүрлі 
сорттарына 
немесе 
жануарлардың тұқымдарына тэн генетикалық ерекшеліктерді бір- 
біріне ұластыру үшін комбинативтік өзгергіштік қолданылады. 
Мысалы, селекционер П. П. Лукьяненко өзінің атақты безостая -1 
сортты бидайын шығарарда бастапқы материал ретінде аргентиналық 
клейн 
33 жаздық бидайын жэне лютесценс күздік бидайын алған. 
Сонда безостая 1 клейн 33-тен сабағының қысқалығын, тез пісіп- 
жетілетіндігін жэне дақ ауруына төзімділігін, ал лютесценстен күздік 
белгісін тұқым қуалап алған.
Өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер селекциясында 
мутациялық өзгергіштік те кеңінен қолданылады. Мутация - тұқым 
қуалайтын өзгергіштіктің бастапқы қайнар көзі. Кез-келген өсімдікте, 
жануарда немесе микроорганизмде өздігінен эртүрлі мутация пайда 
болып жатады. Табиғи жағдайда мутацияға табиғи сүрыптау эсер 
етеді. Ал қолдан сүрыптауда мутацияны селекционер өзі жасайды.
Тұқымдар 
мен 
сорттар 
өздерінің 
тұқым 
қуалайтын 
ерекшеліктері 
жағынан жабайы ата тектерінен өзгеше болады. 
Жабайы формаларға қаншама қолайлы жағдай туғызып, қолда өсірсе 
де, өздерінің қолға үйретілген туыстарындай өнім бере алмайды.
207


Мысалы, 
жабайы 
банкив 
тауықтарын 
қанша 
азықтандырып, 
күткенімен жылына 300-350 жұмыртқа тумайды. Өсімдіктердің екпе, 
жануарлардың қолға үйретілген формаларын адам тек секірмелі түрде 
өздігінен болатын мутацияны қолдан сұрыптаудың негізінде бірнеше 
буын бойы қалыптастыру арқылы алған. Сонымен бірге қазіргі кезде 
селекцияда экспериментальды немесе индукциялық мутагенезді 
қолдану кең етек алып отыр. Бұл мақсатқа радиация, химиялық 
қосылыстар сияқты түрлі мутагендік факторлар қолданылады. 
Селекцияда радиоактивті сэулелер қолданудың пионерлері Ресей 
ғалымдары Надсон, Филиппов, Делоне және Сапегиндер болып 
есептеледі.
Индукциялық 
мутацияны 
селекцияда 
қолданудың 
антибиотиктердің продуценттері - зең саңырауқүлақтарының жаңа 
формаларын алуда зор маңызы болды.
Өсімдіктер селекциясы үшін үлкен маңызы 
бар түқым 
қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі - полиплоидия. Соңғы жылдары 
жүргізілген зерттеулердің негізінде көптеген полиплоидты формалар 
алынды. Хромосом сандарын екі есе көбейту, яғни диплоидты 
жағдайдан 
тетраплоидты 
жағдайға келтіру 
өсімдік 
көлемінің 
үлғаюына, кейбір органдары салмағының артуына ықпал етеді. 
Мысалы, тетраплоидты қара бидайдың (Федоров шығарған) 1000 
дэнінің салмағы 55-56 гр, ал сол сортқа жататын диплоидты 
формасының салмағы 29 г.
Селекцияда будандастырудың эртүрлі жүйесі қолданылады. Ол 
туыстық 
будандастыру 
(инбридинг, 
инцухт), 
туыстық 
емес 
будандастыру (аутбридинг) жэне алые гибридизация. Туыстық
208


будандастыру генотиптері жағынан бір-біріне жақын организмдердің 
арасында болатындықтан олардан көбінесе гомозиготалы ұрпақ 
алынады. Ал мұндай будандастыруды ұзақ уақыт пайдаланып, 
жануарлар мен өсімдіктердің бойында пайдалы қасиеттері бар 
гомозиготалы таза линияларын алуға болады. Туыстық будандастыру 
жануарлар мен өсімдіктердің селекциясы үшін қажетті таза линиялар 
алу мақсатында кеңінен қолданылады.
Популяция 
құрамындағы 
рецессивті 
гендердің 
көпшілігі 
организм үшін тиімді бола бермейді, сол себепті егер туыстық 
будандастыру жиі қайталанса, сорт немесе тұқым азғындайды. 
Сондықтан туыстық емес будандастыру әдісі қолданылады. Мүндай 
жағдайда әртүрлі линияларға жататын дарақтар будандастырылады, 
соның нәижесінде олардың үрпағының түқым қуалайтын қасиеттері 
жақсарады.
Алыс гибридизацияда бір - бірімен алшақ жатқан түр 
тармақтары 
будандастырылады. 
Мысалы, 
қазақ 
ғалымдары 
Ә.Есенжолов, А.Жандеркин, Б.Бутарин жабайы арқар мен биязы 
жүнді қойды будандастыру жолымен қойдың Арқар-меринос деп 
аталатын жаңа түқымын шығарды. Сонда оган арқардың таулы 
аймаққа бейімділігі, қой жүнінің биязылығы т.б. пайдалы қасиеттері 
берілген. Сол сияқты Н.В.Цицин бидай мен жабайы бидайық 
өсімдігін будандастыру жолымен бидай - бидайық гибридін алды. 
Бұл әдісті И.В.Мичурин жеміс - жидек өсімдіктерінің жаңа сорттарын 
шығару үшін кеңінен қолданды.
Сонымен, алые гибридизация жолымен будандастырғанда 
өсімдіктер мен жануарлардың сапасы жақсарып, өнімі артады.
209


Мұндай құбылысты ең алғаш 1914 жылы америка оқымыстысы Дж. 
Шелл жүгері өсімдігінен байқады. Оны гетерозис құбылысы деп 
атайды.
Содан бері бұл заңдылық жүгері өсіретін шаруашылықтарда 
кеңінен 
қолданылып 
келеді. 
Жүгерінің 
эртүрлі 
сорттарын 
будандастыру арқылы алынатын гибридтерде гетерозис қасиеті бар, 
яғни олардың собығы үлкен, дәндері ірі, сабагы ұзын, жапырақтары 
ірі эрі салалы болып келеді. Сондықтан да олар мол өнімді болады. 
Бірақ, гетерозис құбылысының генетикалық механизмі элі толық 
зерттелмеген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет