87
кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді көріп: «Ата,
мына егін желініп қойган ба, желінбеген бе?» - деп сұрады. «Орылмай тұрған егінді кім
жеп қояды?» - дедім мен. Бұл
мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе,
өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жанагы адам өлмеген екен», -
деді. Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, - дейді.
Сонда қыз тұрып:
-
Әке, бұл сөздер зор магыналы сөздер ғой. Сіз оның айткан сөзіне түсінбеген екснсіз.
Онын бірінші айтқаны. «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол қысқарсын»,--
дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі болса - өз көлігімен,
кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертен өзі алады, желінбеген болып
саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап
жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен
бірдей болады. Үшіншісі: «Баласы бар ма?» - дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген
адам екен»,- дегенді айтқан. Сіз ол жұмбагын шеше алмаған екенсіз, - деген соң, карт
қателігін мойындап. жігіттің қолын алып:
-
Мен сенін айтқан сездеріңе түсіне алмай. ішімнен саган қатты ренжіп едім. Олай
емес. сен ақылды жігіт екенсің, - ден, қызын соған беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: