93
3.
Қозыбасы, Қозыбашы - атауына келер болсақ, тарихи түп дерек көздеріндегі Қазақ
мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық магынасы қозының басындай гана тау-
төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар
Дулатидің «Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандыгынын қүрылған жері - Шу бойы
мен Қозыбаеыда деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы - тарихн-географиялық
тұрғыдан алғашкыда ХІV-ХV ғасырларда билік еткен Моголстан мемлекетінің батыс
бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда
шаңырақ көтерген.
4.
Көне тарихка үңілсек. Талас пен Шу өзендерінің анғарлары ерте заманнан адам
баласының тұрағы - мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге кептеп жолығамыз.
Тарихи дерек кездеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу
жэне Талас өңірлерің қамтыған. Батыс Түрік кагандыгының саяси орталығы түрді
мезгілде Шу өңіріндегі Суябта. Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз
заманында қайнаган саяси өмірдің куәсі болды.
5.
Осындай гасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы
Қазақстан аумагында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды
қорытындысы екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі ярбір тарихи
кезеңде өзіне тән айрықша белгілермен ерекшелснеді. Сондай ерекше кезеңге XIV - XV
ғасырлардағы этноүрдістер жатады. Бүл кезеңнің басты белгілерінің біріне қазақ
халқының этнос ретінде тарих төріне шығуы жатса керек.
6.
Байырғы Қазақ даласын ғасырлар бойы мекендеп келе жатқан түркі- оғыз текті
ұлыстар негізінде қалыптасқан ортак тіл, дәстүр, терретория. менталитеттегі байырғы
этностың қайтадан «қазақ» деген жаңа атпен тарих сахнасына шыққан кезі. Яғни,
бұрыннан әртүрлі аталып келген этнос (сақ, гұн, үйсін, түрік, оғыз, түркеш, қыпшақ,
т.б.) жаңа этногенес не болды. Жаңадан
пайда болған «қазақ» этнониміне байланысты, олардың мемлекеті «Қазақ хандығы»
деп аталды. Жана атауға және жаңа статусқа ие болды. Демек, XV ғасырдың
алпысыншы жылдарында-ақ, Қазақ хандығы ұлттық құрамы, аумақтық тұтастығы,
мемлекеттік басқару жүйесі, сондай-ак ішкі-сыртқы саясаты жағынан қалыптасқан
мемлекет ретінде өмір сүріп тұрды. Әрине, оған қазіргі таңдағы халықаралық
қатынастар жүйесіндегі «мемлекет» өлшемімен қарауға болмайтын. Оның үстіне,
«мемлекет» деген ұғымның өзі тарихи мәнге ие. Оган ұданы даму, кемелдену
негізіндегі тарихи үдеріс ретінде қарау керек Өйткені, Қазақ хандығы құрылған XV
ғасырда дуние жүзіндегі барлық елдер, яғни мемлекеттер біздің бүгінгі
ұғымымыздағы мемлекеттік өлшемге жауап бсере алмайтын. Демек, Қазақ хандығы
алғаш құрылған күннен бастап, сол кездегі Еуропа меи Азияның кез келген елімен тең
тұра алатын.
Достарыңызбен бөлісу: