Қыс өтіп, күлімдеп көктем, жарқырап жаз келгенде, шұрқырап жатқан қалың жылқы


Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір



Pdf көрінісі
бет283/373
Дата24.11.2023
өлшемі4,57 Mb.
#125608
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   373
Байланысты:
OKU SAUAT 2019 (1)-1

Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында: Қазақ хандығы ту тіккен өңір 
1.
 
Осыдан бес жарым ғасыр бұрын Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлініп, 
жүректерінде азаттық пен бостандықтың жалыны жанған елін ертіп, Батыс Моғолстанның Шу 
мен Талас өзендері аралығындағы Қозыбасы аймағына қоныстанды. Осындай тарихи 
оқиғаның бастауы болған бұл шежіреге толы өңірдің тауы мен тасы, әрбір басқан жері аңызбен 
өткен кезеңдерден сыр шертеді. 
2.
 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде көрсетілген Керей мен Әз- 
Жәнібектің алғашқы хандық құрып, ту тіккен жері – Шу бойындағы Қозыбасы. Ол шоқы 
Мойынқұм ауданындағы Жамбыл тауында орналасқан. Шу өзенінің арнасы сол кезде 
Қозыбасы биігіне жақын болыпты. 
3.
 
Қозыбасы, Қозыбашы – атауына келер болсақ, тарихи түп дерек кездеріндегі Қазақ 
мемлекеті құрылған аймақ. Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау төбелі 
жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 
«Тарих-и Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасыда 
деп айтылады. Шу бойы мен Қозыбасы тауы –тарихи географиялық тұрғыдан алғанда ХІV-XV 
ғасырларда билік еткен Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір. Бұл ерте заманнан бар 
жер атауы. Қазақ хандығы осы Қозыбасыда шаңырақ көтерген. 
4.
 
Көне тарихқа үңілсек, Талас пен Шу өзендерінің аңғарлары ерте заманнан адам баласының 
тұрағы – мекені болғандығын айғақтайтын белгілерге көптеп жолығамыз. Тарихи дерек 
көздеріне үңілсек, Батыс Түрік қағандығының бастапқы жері Іле, Шу және Талас өңірлерін 
қамтыған. Батыс Түрік қағандығының саяси орталығы түрлі мезгілде Шу өңіріндегі Суябта, 
Баласағұнда және Меркіде орналасты. Бұл қалалар өз заманында қайнаған саяси өмірдің куәсі 
болды. 
5.
 
Осындай ғасырлар қойнауынан бастау алатын қазақ халқының қалыптасуы Қазақстан 
аумағында ежелгі замандардан бері үздіксіз жүрген этноүрдістердің заңды қорытындысы 
екені ғылымда дәлелденген тұжырым. Этногенез үрдісі әрбір тарихи кезеңде өзіне тән 
айрықша белгілермен ерекшеленеді. Сондай ерекше кезеңге ХІV-XV ғасырлардағы 
этноүрдістер жатады. Бұл кезеңнің басты белгілерінің біріне – қазақ халқының этнос ретінде 
тарих төріне шығуы жатса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   373




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет