81
6.
Ғаламшардың қызыл түсті болуын ғалымдар немен болжайды?
А) Темір оксидінің көп болуы
B)
Тау массивіне ие болуы
C)
Минералдардың табылуы
Д) Өзен сағалары
Е) Озон қабатының болмауы
3-
мәтін
Бақытсыз бай
Ертеде бір бай өмір с.рді. Оның туысқаны да, баласы да - жинаған мал- мүлкі мен
ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді
күлкісін естіп, оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести
алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды.
Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді: "Мынау
менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр,"- деген жаман
ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе, жалшысы екі баласын
арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.
-
Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен балаларыңды
ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! - деп ақырды.
-
Қожайын. осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып,
сергіп қалам,-деп байыпты қалпынан жазбай жауал берді жалшысы.
-
Нагыз ақымақ екен! - деп, үйден атып шыққан бай енді: “Мен кеш кіріп қалдым ба
екен, ол ұрлаған акшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы,’’-деп
күдігінен арыла алмай-ақ қойды.
Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс істейді. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне
қайтты. Бай сонынан бұқпантайлап барып тагы тың тыңлады. Құлағына шықырлаған
акша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тагы
да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жагына алып рахаттанып уйықтап
жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз үйден шығып кетті.
Сонда да күдігі сейілер емес. Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін
мазақ қылып тұрғандай керінді. Бай ақыры:
-
Менің казынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сен алдың. Себебі сен үнемі көңілді
жүресің, тыққан акшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді. Сонда жалшысы:
-
Қожайын. жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торуылдайсың.
Менің байлығым - екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім.
Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме
деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді.
Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды, “Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты.
Мен сиякты қызганатын байлығы да жоқ. Байлық маган бақытсыздық үшін біткен бе?
Басым ауырып кетті”.
Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Онын сыртынан қарап тұрган бай алдынан жүгіріп
шыққан екі баласына қызыға карап калды...
Достарыңызбен бөлісу: