А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет194/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   220
Использованная литература: 
1. Информационные системы и технологии / Под ред. Тельнова Ю.Ф.. - М.: Юнити, 2017.
2. Шипунова, О. А. Педагогическая целесообразность использования ИКТ в деятельности 
педагога-психолога Интернет и образование / О. А. Шипунова. – М. : Ансар, 2014. 
3. Сухомлин, В. А. Введение в анализ информационных технологий / В. А. Сухомлин. – 
Волгоград : Учитель, 2010. 
4. Казначевская, Г. Д. Информационные образовательные ресурсы учебного назначения / Г. 
Д. Казначевская. – Литрес : Дрофа, 2015. 
5. Полат, Е. С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования 
/ Е. С. Полат. и др. // М. АСТ-пресс. – 2015.
6. Дьяченко А.В.,Проект"Электронный деканат",
7.Афанасьев Ю.П., "информатизация образования как глобальная проблема на рубеже 
веков", 1977 
8.ПрокудинД.Е.,"Информатизация отечественного образования: итоги и перспективы", 
9.Бутырин Г.Н., Ефимов Н.Н., Нечаев В.Я., Дистанционное образование по оценкам 
экспертов. М., "Проблемы информатизации высшей школы", № 3-4 (9-10), 1997 
10.Васильева О.М.""Школа будущего" как "digitaleducationclub"", Научно-практический 
электронный альманах "Вопросы информатизации образования" ,№12, 17 сентября 2008 
Торшаева Ш. М., Елькенова Н. К. 
Қарағанды қаласы, «Айгерім» КМҚК бөбекжайы»
 
БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАРДА, ҰІӘ-ДЕ 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУ 
 
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – бұл 
оқу-әдістемелік материалдар кешені, техникалық оқу үдерісіндегі есептеу техникасының 
аспаптық құралдары. Мектепке дейінгі жас – бұл баланы жеке тұлға ретінде дамытудың ең 
жақсы кезеңі. Дәл осы кезеңде баланың қоршаған ортаға, әлемге деген көзқарасы 
қалыптасады, оның зияткерлік және психикалық дамуы жүреді. Компьютер, оны тиімді 
қолдана білу әлеуеті ойын және оқыту мүмкіндіктері балаға айтарлықтай әсер етеді. Дұрыс 
таңдалған материал, компьютерлік құралдар жинағы мультимедиялық техникалар 
балалардың білімге деген қызығушылығын арттыруға көмек көрсетіп, ықпал етеді. 
Егер қазіргі заманғы балалардың қажеттіліктері білім мазмұнына негізделсе, заманауи 
білім беру нәтижелі болады, ал оқыту мен тәрбиелеу процесі олардың ерекшеліктерін, 
әлеуеті мен мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Бұл үшін педагогтар да 
заманауи болуы керек-кәсіби қызметінде білім беру мен оқытудың инновациялық 
технологияларын әзірлеп және тиімді қолдануы қажет.
Ата-аналарды балалардың бірыңғай 
даму кеңістігіне тарту бағыттарының бірі – ата-аналарды балалардың мерекелер мен ойын-
сауықтарына қатыстыру. Балалардың бос уақыты – жас ұрпаққа педагогикалық әсер етудің 
ең тиімді түрлерінің бірі. Тәжірибе көрсеткендей, ата-аналардың, балалар мен педагогтардың 
кез-келген бірлескен қызметі тиімді болып саналады. [1, 57б] 
Балабақшадағы бос уақыттың бір түрі-мерекелер мен ойын-сауық. Мереке-барлығын 
біріктіретін, қуаныш пен сезімге толы күн. Басты міндеті: 

балалардың қуанышты көңіл-күйін қалыптастыру; 

жағымды әсер қалдыру; 

мерекелік мәдениетті қалыптастыру. 
Ата-аналар мерекелерді тамашалап ғана қоймай, өздері де белсенді қатысуы керек, сол 
сәтте олар кез-келген мерекені дайындау кезінде қанша бала еңбегінің бар екенін түсінеді. 
Себебі, бұл оған тұрарлық жайт, өйткені мерекелік іс-шараларда ата-аналармен кездесу 


340 
балабақша мен ата-ана арасындағы сабақтастық пен ынтымақтастықты дамытады; өзін-өзі 
бағалауды арттырады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің өмірімізге берік еніп, ересектердің 
өміріне ғана емес, сонымен қатар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қажетті және маңызды 
атрибутына айналды. Барлық кезеңдерде: іс-шараға дайындық 
кезінде де, оны өткізу барысында да біз компьютерді 
қолданамыз. Білім беру процесінде АКТ қолдану мәселесі 
өзекті болып табылады. Мақсаты: коммуникативтік-ақпараттық 
технологияларды зерделеу және енгізу негізінде тәрбие-білім 
беру процесінің сапасын қамтамасыз ету. Ақпараттық 
технологияларды қолдану міндеттері: Музыкадан ҰІӘ-де 
мәтіндік, дыбыстық, графикалық және бейне ақпаратты және 
оның көздерін жаңа тәсілдермен пайдалану; музыкалық іс-
әрекеттің әдістемелік мүмкіндіктерін байыту, оған заманауи 
деңгей беру; баланың шығармашылық әлеуетін арттыруға көмектесу; музыкалық мәдениетке 
деген қызығушылықты тәрбиелеуге ықпал ету. Шынында да, «Музыка» білім беру 
саласында АКТ қолдану үлкен мүмкіндіктерді ашады. Түрлі - түсті танымдық 
презентациялар, бейнефильмдер, мультимедиялық құралдар балаларды музыкалық өнермен 
таныстыру процесін әртараптандыруға, музыкамен кездесуді жарқын, қызықты етуге 
көмектеседі. 
Мен өз жұмысымда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды мерекелерде және 
ойын-сауықта белсенді қолданамын.
Мерекелер, ойын-сауық – Н. Ветлугинаның айтуынша, 
«кішкентай» адамның қалыптасуының маңызды факторы. Дыбыстар мен қозғалыстар 
арқылы бала келген өзі өмірге келген әлемді біртіндеп тани бастайды. Балалармен 
өткізілетін ойын-сауық, мерекелер шығармашылыққа деген қызығушылықты оятады, 
ұжымда өмір сүру қабілетіне тәрбиелейді, қоғамдық мінез-
құлық тәжірибесін жинақтауға ықпал етеді. [2, 37б]. 
Мерекелер мен ойын-сауық АКТ-ны қолдануға болатын 
барлық білім беру салалары мен олардың іс-әрекеттерінің 
алдын-ала дайындығынан туындайды. Осы орайда мен өз 
жұмысымда АКТ-ны қалай қолданатыным туралы кішкене 
тәжірибемен бөліскім келеді. «Музыка тыңдау» бөлімінде 
А. Вивальди «Жыл мезгілдері» циклінен «Қыс», Г. 
Свиридовтің «Жаңбыр», П.И.Чайковскийдің «Балалар 
альбомы» циклінен «Сәуір» атты мультимедиялық 
презентацияларын қолданамын.
Презентациялар балаларды сазгерлердің шығармашылығымен таныстыру кезінде 
қажет, бұл жағдайда жарқын портреттер, фотосуреттер балалардың назарын өзіне еріксіз 
аударады, танымдық белсенділіктерін дамытып, балалардың әсерін молайтады.
Мультимедиялық презентациялар ертеңгіліктің бір бөлігі ретінде мерекеге өте 
үйлесімді. Мысалы, ересек топтағы жаңа жылдық ертеңгілікте экраннан Жаңа жылдық 
жағымды және басқа да жағымсыз кейіпкерлер сәлем жолдай алады. Жаңа жылдық 
ертеңгіліктің аяқталуын балалар орындайтын көңілді әнді де, әдемі мультимедиялық 
презентациялармен безендіруге болады.
Бітіру кешінде жағымды естеліктер тудыру үшін, топтың барлық жылдардағы 
фотосуреттерінен тұратын соңғы қоштасу әнін бірнеше суреттермен әсемдеп және музыка 
музыка қосып бейнебаян жасап шығаруға болады. Музыкалық іс-әрекетте, ертеңгіліктерде, 
мерекелерде ақпараттық-компьютерлік технологиялардың көмегімен, біз балаларды 
музыкалық іс-әрекеттің әртүрлі түрлерімен таныстыра аламыз (ән айту, музыкалық- ырғақты 
қозғалыс, ойын бойынша музыкалық құралдар, шығармашылық тапсырмалар. «Музыка 
тыңдау» бөлімінде пайдаланылатын презентациялар, бейнематериалдар, аудиожазбалар, 


341 
көрнекі материалдар музыка жетекшісінің кешенді-тақырыптық жоспарлауына сәйкес 
жүргізіледі. 
Ән айту мектепке дейінгі балалардың музыкалық-эстетикалық тәрбиесі жүйесінде аса 
маңызды орын алатын әрекет түрі. Қызметтің бұл түрі ақпараттық-компьютерлік 
технологияларды қолдануды да қамтиды. Әнді мәнерлі орындау мен жақсы дикцияның 
кепілі- бұл әннің сөзінің мағынасы мен музыкалық бейнесін түсіну болып табылады. [3, 
171б]. Сондықтан бұл міндетті жүзеге асыру үшін әннің сөзі жаттау барысында мәтінді 
түсіндіруді немесе түсінуді қажет ететін әртүрлі әндер мен вокалдық материалдың мазмұны 
баяндалған электрондық иллюстрациялар мен презентацияларды қолдануға болады. Әншілік 
дағдыларды музыкалық естуді, ырғақ сезімдерін, дамытуға бағытталған интерактивті 
ойындар жасалып, қолданылады. Осылайша, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
мен мультимедиялық құралдар балабақшадағы білім беру процесінің тиімділігін арттыру 
және жаңғыртуға зор ықпал жасайды. Сондықтан ақпараттық технологиялар жүйесін барлық 
кезеңдерде білім сапасын жақсартудың жаңа процесі ретінде қарастыру қажет, себебі бұл 
технологияларды қолдану барысында көп жетістіктерге жетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет