178
Біздің прогрессивті технологиялар ғасырда бейне ақпаратты берудің ең тиімді
әдістерінің бірі болып табылады. Canva, InShot, CapCut, YouCut бағдарламаларының
көмегімен жасалған бейнелер мен слайд - шоулардың арқасында сюжеттерді бір суретке
жинаймын, қажет емес барлық нәрсені алып тастап, ауысуларды жасаймын – бір сөзбен
айтқанда, бейнені «жалғаймын». Осылайша мен ата - аналарға балаларының топтағы және
балабақшадағы өміріндегі маңызды оқиғаларды бақылауға мүмкіндік беремін. Біздің
балабақшада инстаграмда, фейсбукта әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар, сол жерде
де біраз бейнелерді саламын.
Сондай - ақ, балабақшаның өз сайты бар, онда ата - аналар балабақшаның тыныс -
тіршілігі туралы ресми ақпаратты жылдам алып, нормативтік - құқықтық құжаттармен
таныса алады.
Білім беру процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
бүгінгі күнгі білім беру жаңғыртуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл білім
сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар білім беру процесіне қатысушылар арасындағы
қарым - қатынастың жаңа деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін педагогикалық қызметтің
барлық кезеңдеріндегі процессі.
Достарыңызбен бөлісу: