47
осындай кедергіден ӛту әрекеті жылдамдықтың аз жоғалуына
және кедергі арасын тез жүгіруді қамтамасыз етеді.
Кедергілер арасын жүгіру үш адымда орындалады.
Дистанция бойымен жүгіргенде жүгіру
адымының параметрі
практика жүзінде ӛзгерусіз қалады және кедергіден жүгіру
ырғағына сипаттама береді. Бірінші адым ең қысқа, екінші ең
үлкен, екінші адымға қарағанда үшіншісі он –
онбес сантиметр
қысқа. Ақырғы адымды қысқарту келесі кедергіге шабуыл
жасауға жақсы жағдай тудырады.
Кедергі араларында кедергіден жүгіруші ӛжет, қайратты,
бірақ денені бос ұстағанда ғана ӛз нәтиежесін береді.
Сӛреге жету ақырғы кедергіні ӛткенде
басталады және
спринтерлік жүгіру болып табылады. Кедергіден жүгіруші осы
дистанция бӛлігінде барлық назарын адым ұзындығына және
жеделдігіне аударады. Бұл жоғары жылдамдықты ұстауға ӛз
үлесін қосады. Мәре сызығы бӛлігінде денені ерте кӛп еңкейту
уақытты кешеуілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: