2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет107/182
Дата25.11.2023
өлшемі3,39 Mb.
#125846
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   182
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

5.
Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына 
сәйкес зертханалық, практикалық және модельдеу жұмыстарының саны. 
Оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағаттан 10-11 сыныптар үшін оқу 
бағдарламасын енгізуге байланысты 15.5-кестеде көрсетілгендей зертханалық 
және практикалық жұмыстардың саны ұсынылады: 
15.5-кесте Зертханалық және практикалық жұмыстардың саны 
Сынып Бағыт 
Зертханалық 
жұмыс саны 
Практикалық жұмыс 
саны 
10 
ЖМБ 


11 
ЖМБ 


10 
ҚГБ 


11 
ҚГБ 


Зертханалық жұмыстарды жүргізудің мақсаты зерделенген теориялық 
материал негізінде оқу-зерттеу және нақты практикалық міндеттерді шешу 
тәжірибесін алу; маңызды теориялық ережелерді эксперимент бойынша 


190 
дәлелдеу және бағалау, зерттеу жұмысының дағдыларын игеру арқылы 
практикалық міндеттерді шеше білу болып табылады. 
Практикалық жұмыс химияға деген қызығушылықты арттырады. 
Практикалық жұмыстардың мақсаты - оқушылардың білімін бекіту, 
нақтылау, практикалық дағдыларын қалыптастыру және дағдыларын жетілдіру. 
6. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары 
2022-2023 оқу жылында келесі тақырыптарға элективті курстар өткізу 
ұсынылады:
1. «Тапсырмалар мен жаттығулардағы химия»; 
2. «Химиялық эксперименттік есептерді шешу»; 
3. «Мектептегі агрохимия». 
4. «Көмірсутек шикізаты. Кеше, бүгін, ертең». 
5. «Клиникадағы химиялық зерттеу әдістері». 
6. «Химия және материалтану». 
Элективті курстар аясында оқушылардың жобалық жұмыстар болу 
мүмкін. 
 
7. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
әдістемелік тақырыптар 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Химия» пәні мұғалімдерінің кәсіби 
біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, 
педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) 
бойынша ұсынылатын тақырыптар: 
1) Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданудың 
тиімділігі 
2) Химияны оқытуда интерактивті технологияларды пайдалану. 
3) Химия, физика және биология интеграциясының мәселелері. 
4) Қазіргі кезеңдегі химияны оқытудың өзекті мәселелері. 
5) Киберкеңістіктегі ақпаратпен қауіпсіз жұмыс істеудің мәні. 
6) Қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді сабақтарды ұйымдастыру 
тәсілдері. 
Педагогтерден оқу жылының басында «Химия» пәні бойынша 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   182




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет