Әдеби KZ мұндай қылықтары Қасымның көңілінде оған деген наразылық тудырды. Ал
Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанға келгенде, Бұрындық екеуін тезірек
құртуды тілесе, Қасым қос бөрінің бетін Түркістан өлкесінен қайтарып, Ақсақ Темір
хандығына қарсы жұмсауды көздеді. Әбілқайырдың көптеген әмір, сұлтан,
мырзалары Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтанды жақтайтынын түсінетін
Қасым, қазақ елінің айбынды жауы Ақсақ Темір Ордасын құлату үшін, іріткіні жау
тобының өзінде шығарсақ деген тілекті құптады. Мауреннахрдағы Моғол, Жағатай
тархан, мырза, әмірлерін күшейтуден көрі, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-
Сұлтанды өз жағына шығарып, аналарға қарсы пайдалануды дұрыс көрген.
Бұл мәселеде хан мен оның әскер басының арасында оңай өте алмас тұңғиық
пайда болды. Егер бұлар тіл тауып, бір шешімге келмесе, бұл тұңғиық екеуін
бірдей батырып кететіні сөзсіз еді. Өйткені қас жауыңа достық көзбен қарау —
еліңді сатумен тең қылмыс. Бұрындық ойынша Қасым сол қылмысқа таяу жүр.
Әрине, мұндай жағдайда арасындағы ала ауыздық екеуіне бірдей қатер.
Әйткенмен бұл түйінді қос бөрінің өздері шешті.
Мұхамед-Шайбани Ташкент билеушісі жағатайлық Сұлтан-Махмуд хан мен
Самарқант әміршісі әбусейіт ханның арқасында Сығанақ, Ақрұқ, Үзгентті алғаннан
кейін, бұл жеңістеріне қанағат тұтпай Хорезмге аттанды. Жолай Тырсақ бекінісін
шауып, өзінің ағрұғын
1
осы арада қалдырып, Хорезмді қоршады. Хорезмді әне
аламын, міне аламын деп тұрғанында, кенет қалаға Қорасан әміршісі жағатайлық
Сұлтан-Хұсайын мырза жіберген жиырма мың әскер көмекке келді. Мұхамед-
Шайбани амалсыз кейін қайтты. Дәл осы кезде Ташкент билеушісі Сұлтан-Махмуд
хан кеп Отырар уәлиетін басып алды. Ол үлкен той жасап, мәңгілік одақтас
боламыз деп достасып, Отырарды Мұхамед-Шайбаниға басыбайлы беріп, өзі
әскерімен Ташкентке қайтып кетті.
Түркістанның Сығанақ, Отырар, Ақрұқ, Үзгент секілді негізгі қалаларын қолына
оңай түсірген Мұхамед-Шайбани, енді әскер жинап Сауранды басып алмақ болды.
1
А ғ р ұ қ — көне түркі тілі, әскер соңындағы көш. Азық-түлік артқан керуен, кейде жорыққа бірге ала жүретін
гарем, хан қызметкерлері.