333
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
адам кейпі жоқ кісіні көрді. Орақ екенін танып, Қаптағай ызалана қалды. Беліндегі
қанжарына қолының қалай барғанын білмей қалды.
— Сабырлық, сабырлық! — деді қасындағы Қасым, шыдамдық көрсетіп.
әлсіреп қалған Орақты атқа отырғызып жатып, Қаптағай:
— Егер мына жұрт күліңді көкке ұшырмасын десең, қазір көш! — деді
Бұрындыққа, сөйтті де өзі бұрылып жүре берді.
Бір ай өтпей осы Талас, Шу маңындағы қазақ руларының басшылары жиналып,
Бұрындықтың орнына боз биенің сүтіне
шомылдырып, ақ кигізге көтеріп,
Қасымды хан сайлады.
Келесі көктемде Қасым хан жайлауға Ұлытау маңына көшпек боп тұрғанда,
Сайрам хакімі Қаттыбектің бір топ арбабы
1
мен ресми уәкілі келді.
Бұлар
Қаттыбектің Сайрамды басқарсын деген сәлемін әкелді. Қасым хан көп қолменен
Сайрамға беттеді. Қаттыбек қаланың кілтін беріп, өзі Қасым ханның қарамағында
қызметте қалды. Бір аптадан кейін Қаттыбектің ақылымен бұлар Сүйіншік сұлтан
басқарып отырған Ташкентті шабу дайындығына кірісті.
Осы кезеңнен қазақ халқының ежелгі қонысының бірі — Түркістан өлкесін
өзінің қарамағына қайтарып алуы үшін жаңа күрес дәуірі басталды. Бұл дәуір
ұзаққа созылды. Бірақ жеңісті болып аяқталды. Оған себеп Қасымның сол
дәуірдегі ел билеу
саясаты ғана емес, халықтың асқан ерлігі, өз жерін, өз елдігін
қорғауға деген сүйіспеншілігі, қажырлылығы, табандылығы еді.
Қасым хан Мұхамед-Шайбани Ордасынан Түркістан өлкесін қайтарып алу үшін,
Дәшті Қыпшақпен шекаралас бөтен хандармен тату-тәтті саясат ұстауды ойлады.
Өзге жұртпенен араз бола тұрып, Мұхамед-Шайбанимен күресудің қиынға
түсетініне шек келтірмеді. Әсіресе Қасым
хан Дәшті Қыпшақтың жерімен
шекаралас Моғолстанмен, әкесі Жәнібектің өсиетін орындап, үнемі бірге тізе
қосып отыруды есінен шығармады. Әбусейіт
мырзаның баласы Омар-Шайх
көгаршын ұшырам деп мұнарадан құлап өлгеннен кейін, Жұныс ханның қызы
1
А р б а б — қаланың белгілі адамдары деген мағынада.
334
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: