Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет4/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316
Әдеби KZ
 
 
осы онның біреуі, не одан көбі тұтқынға түсіп, өзге жолдастары, оларды 
құтқармаса, құтқармағандардың бәрі де өлтіріледі». Әбілқайыр қайтадан ойға 
кетті. «Шыңғыстың қай ұрпағын ойлаған мақсатынан басқаның тағдыры 
тоқтатқаны бар? Тоқтатып көрген емес. Ондай оқиға панднамада да 
1
келтірілмейді. Тақтағы хан да, алтын табақтағы жылан да бір. Тием дегенді 
шағып алуға тиісті. Бабамыз салған қанды-жосықты жол бар. Сол жолдың сүреңі 
емес пе біз келе жатқан? Қара қазақ түгіл, әлем қожасы Шыңғысханның ұрпағы 
бірін-бірі аяп көрмеген. Мөңке ханның бір өзінің істегені неге тұрады?». 
Шыңғысханның төрт ұлы болған. Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле. Төртеуі әлем 
қожасы Шыңғысхан жаулап алған жерді төрт ұлысқа бөліп, әрқайсысы бір-бір 
ұлыстан басқарған. 
Шыңғысхан өлісімен әлем қожасының төрт ұлының арасында жанжал 
басталған. Жанжал Шыңғыс ордасы — Қарақұрым Ұлы тағын кім иеленедіден 
шығды да, аяғы ұлыс арасындағы жер, атақ, бақ тартысына айналады. Жошы мен 
Төле ұрпағы бір жақ, Үгедей мен Жағатай ұрпағы екінші жақ. Шыңғысхан өлгеннен 
кейін Қарақұрым тағына Үгедей отырады. Үгедейден кейін ұлы хан оның баласы 
Күйік болады. Күйіктен кейін Жошының екінші ұлы — Алтын Орданың алғашқы 
ханы, атақты Батудың арқасында қазақтар Мөңке деп атап кеткен, Төленің үлкен 
баласы Меңгу Қарақұрымға хан сайланады. Мөңкені хан сайларда, өздерінің 
күшінің жетпейтінін білген Үгедей мен Жағатайдың балалары толып жатқан 
сылтау тауып, ұлы құрылтайға келмей қалады. 
Тек бір жыл өткеннен кейін, Мөңкенің ызбарынан сескеніп, Үгедей, 
Жағатайдан тараған бір топ сұлтандар хан тағына құтты болсын айтқалы келеді. 
Хан оларды үлкен қошаметпен қарсы алады, атағат көрсетеді, бірақ түбінде менің 
ұрпақтарыммен хан тағына таласатын осылар болар деп, барлығын бір түнде 
қырғызып тастайды. 
1
П а н д н а м а — хандарға, ел басқаратын сұлтандарға арналған насихат кітабы (ескі түркі тілі). 



Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет