55
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Әдеби KZ
Алаңда алаң, алаң бар,
Бата алмай жау алаңдар.
Сақтан
шыққан Кейсақ бар,
Кейсақ — Қайсақ, Қыпсақ — Қыпшақ боп
Он екі атаға таралар, —
деп Мұхаммет пайғамбар тумастан мың жыл бұрын,
Ескендір Зұлхарнайынды
Жиделібайсынның жеріне кіргізбей тоқтатқан Сақ елінің патшалары фарсы жұрты
кей деп атап, одан патшаның таңдаулы әскерін — кейсақ (патша
сағы деген
мағынада) деп, одан Қыпсақ туып, Қыпсақтың Қыпшаққа
айналғанын бір толғап
өтті. Содан кейін Жиделібайсын жерін хұнулар
1
алғанда Қыпшақтардың солтүстік
суық жаққа Ертіс, Есіл бойына шегінуге мәжбүр болғаны, одан бес ғасыр өткеннен
кейін түркі тұқымдас түркі, карлуктар-қарақалпақтар жайлаған Еділ,
Жайық
бойына ауғанын шырқай толғады.
Сөзді Асан Қайғы енді Қотанға берді. Қарт жырау қара күйектеніп кеткен кәрі
қобызын, ботасы өлген іңгендей боздатып, қарлыққан кәрі даусымен:
Жусанды деме қараған,
Жұлдызды жарық ай деме,
Қытайдан шығып тараған,
Хұнуға қарсы қол шықса,
Жорықта болған маймене
А-лунь
2
— Арғын руы,
Қыпшақпен
қатар жаралған, —
1
Х ұ н у — гунндардың қазақша аты.
2
А - л у н ь — Арғын деген сөздің қытай транскрипциясы.
56
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004
Достарыңызбен бөлісу: