Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет62/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   316
Әдеби KZ
 
 
айуандығынан төбе шаштары тік тұрады. Бөлісеміз деген олжаларына қарамастан, 
ертеңіне Қыпшақтар ат бетін кейін бұрған. 
Қазтуғанның Стамбулды да Қыпшақтар аман алып қалды деп мақтаныш еткені 
осы оқиға еді. 
Бұл оқиғаның қалай болғанын қарт Қотан айтып бергенде, отырған жұрттың 
үндей алмай қалуы да осыдан еді. Қанша қатыгез келсе де қолға түскен тұтқынды 
қыратын Қыпшақта дәстүр жоқ. Не болса да ұрыс үстінде, шабуыл үстінде болады. 
Ал мынау оқиға... Өздері істемегенмен, ата-бабаларының қарусыз жұрттың 
қырылуына себепкер болғандарын, айдалада жатқан Византия мен өздері жерін 
алып қуып жіберген түркі тұқымдас елдің таласына барып кірісіп, осыншама қан 
төккендерін, жырау сөзін тыңдап отырғандар рас қылмыс көрген. Қазтуған жырау 
да үндей алмай қалған. Тек Қобыланды батыр ғана Қотан ақынның жеңіп бара 
жатқанын сезіп намыстана, түнере түскен. Тыныштықты Асан Қайғының өзі бұзған. 
Ол аппақ ұзын сақалын баяу сипап, оңып кеткен көздерін сәл жұмып отырды да 
қайта ашты. 
Өз руыңның ерлігін енді, Қотан жырау, сен айт, — деді. — Қайсыңның 
жеңгеніңді жұрт сосын естір... 
Қотан қарт алдында тұрған сырлы аяқтан уыз сары қымызды бір жұтып
орнына қайта қойды. Қобызын асықпай қолына алды. Мұздаған жанды жылытар, 
қобалжыған көңілді тыныштатар бір майда қоңыр күй тартты. Қарт жырау күйді 
ұзақ тартты. Жұрт ұйып тыңдай берді. Бір мезгілде барып қарт жырау қобыз 
даусына өзінің үнін қосты. Қария даусы бұ жолы қарлығып қажымады, жаңағы 
жұтқан уыз қымыздың дуасы ма, әлде айтайын деген жырының қақ-
соқтықсыздығынан ба, лебі биязы қоңырқай шықты. 
Арғын да алуан ел болған, келген жерге көнбеген, онда да талай ер туған, 
қазір қисса онда емес, — деді жырау ерекше, өзгеше сарынға салып, — қыран 
көкке қанатын қанша биік қақса да тізіліп бірге ұша алмас. Шаңқылдап айбат атса 
да, аққудай сыңсып ән сала алмас. Қыпшақ қыран болса, егер, Арғын — аққу көл 


66 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет