Әдеби KZ көркі... Сойылдан гөрі қолына домбыра алуды паш санар. Ұран салып, жау
іздегеннен ән шырқап жар сүйгенді ұнатар. Одан артық, әлеумет, айтшы қандай
арман бар. Ел айырар ұрыстан, бейбітшілік, елдікті мұрат еткен бұл Арғын. Ән мен
күйге орда боп қуантсам жұртты дейді бұл Арғын. Батыс түгіл, Қызылбас, Үндіге де
Қыпшақ талай аттанған. Арғын одан аз емес, ерлігі бірақ өзгеше... Арғы бабам
Басым елі
1
түркі тілдес жұртпенен тізе қосып, кептеле ту тігіп үш жүз жыл
Танменен
2
алысқан. Анау асқар тауыңды, мынау шалқар көліңді сол қасыңа
бермеген. Кілегей бұлттай жау төнсе, сонда ғана бұл Арғын алдаспанын сермеген.
Асан Қайғы, аға ұлы, ендігісін өзің шеш. Ел болайық деген жұртымды адастың
десең де айт. Кең болайық деген жұртыңды қателестің десең өзің айт.
Арғын
3
тайпасы да, Үйсін руы тәрізді, Тянь-Шань сақтары мен аргиппейлер
қалдығынан құрылған, көне түркі қауымына кірген. Соңынан Жоңғар тауынан
Жетісуға ауып, «қырық ру» қатар көшіп, қытай династияларымен сан күрескен.
Қытайлардың Арғынды хұнумен шатастырулары да содан.
Қотан жырау осылай толғап, талықсып кеткен адамдай қобыз күйін бәсеңдете
барып бітірді.
Жұрт тағы да үн-түнсіз тына қалды.
— Мың жаса, атажан, — деді кенет қайратты бір жас дауыс, — Дария тоқтаған
бөгетті бұзып, суды тасыту бір адамның қолынан келеді. Мүлгіп тұрған орманға
шақпақ тастан от беріп, телегей-теңіз өрт шығару о да бір адамның атқара алар ісі.
Сол тасыған суды тоқтату жүз адамның да қолынан келмейді. Тоғайды алған
қалың өртті мың адам да сөндіре алмайды. Ерлік көрсетіп ел-елдің арасын
бүлдіру қай рудың қолынан болса да келеді.
Бүлінген жұрттың басын қосып, ел ету тек халқына жаны ашыған ұлдарының
ғана қолынан келеді. Олардың қолынан әзірге елді біріктіру келмесе де, сол елді
біріктіру — арманы. Сол арманды мына қауым алдында жайып сал-
1
Б а с ы м е л і — «қырық ру» Арғынның арғы атасы.
2
Т а н — Қытайдың Тан династиясы (VІ—VІІ—VІІІ ғ.ғ)
3
А р ғ ы н (көне түркі тілінде Арғұн) — ұлы, көп санды деген сөз.