Әдеби KZ Айтыс тізгінін қолына ұстаған Асан Қайғы әлі де қызу отырған Қазтуғанды
тежегісі келмей:
— Сөйле, жырау, — деп домбырасын ұстаттырды.
әбден қызып алған Қазтуған күттірмеді. Әбілқайыр ханға қарап домбырасын
қағып-қағып жіберіп:
— Қалған жырды тағы да тарих өзі жырласын, Қазтуған жырау аузынан
әлеумет тек тыңдасын. Құлаққа жағымсыз жай болса, кешіре көрсін, хан ием, —
деп жырау өзінің айтар сөзіне рұқсат сұрады ханнан.
Қарапайым ел қамын ойлаған, қызыл тілін қару еткен қазақ жыраулары
әрқашанда өз ойларын ашық айтқан.
Бірақ... «аталы сөзге арсыз тоқтамас», дәуірінде ханға да шындықты тыңдау
бір ғанибет іс еді. Сол салттан шыға алмай Әбілқайыр да:
— Ақын ел еркесі, айта бер қорғанбай жырыңды, — деді салғырт, Қазтуғанның
айтар сөзінен күйінерін күн бұрын сезсе де кеңпейіл көрінбек боп.
Қазтуған жырау әсем көсілген жорғадай толғауын емін-еркін бастап кетті.
Аздаған үзіліспен бір ғасырға жуық жүргізілген Шыңғысхан және оның
ұрпақтарының шапқыншылығы бір мың екі жүз алтыншы жылы Монғол мемлекеті
құрылысымен-ақ басталған. Осының алдында ғана өзін Шыңғысхан деп атаған,
әкесі қияттан, шешесі та-та
1
елінен шыққан Темучин құр ғана монғолдардың
өзара таласын басып қойған жоқ, ең алдымен монғол елімен аралас Керулен,
Аргун, Онон, Орхон өзендерінің бойында көшіп жүрген Керей, Найман руларын
жеңіп алды.
Бір мың екі жүз жетінші жылы монғолдар Енисей өзенінің жоғары жағы мен
Селенгі өзенінің солтүстік тұсын жайлаған ұсақ елдерді жаулауға кірісті. Осы
аттаныстарының арқасында Шыңғысхан әскерін қаруландыруға өте маңызы бар,
темір өндіру өнеркәсібіне бай өлкеге ие болды. Сол жылы-ақ Шыңғысхан Орталық
Азиядағы Си-Си деп аталатын бір кезде Қытайды тітіреткен тунгус мемлекетін
1
Т а - т а (қытай тілі) — Монғолия мен Манчжурияның күншығыс жағындағы жауынгер ел. Нағашы жұрты болса
да Шыңғысхан жаулап алған, әйгілі татар деген сөз осыдан шыққан.