Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Азаматтардың білім алу құқықтарының конституциялық және әлеуметтік



Pdf көрінісі
бет5/33
Дата25.11.2023
өлшемі418,31 Kb.
#126224
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

 
Азаматтардың білім алу құқықтарының конституциялық және әлеуметтік 
кепілдіктері 
Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның білім алу құқығын 
жариялап қана қоймайды (30-бап), сонымен қатар осы құқықтың кепілдіктерін де бекітеді. 
Конституциялық нормалар Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының нормаларында 
жалғасын табады.
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» 
Заңының 8-бабының ерекше маңызы бар, онда азаматтардың білім беру саласындағы 
құқықтарының мемлекеттік кепілдіктері айқындалады. 
8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 
1. Мемлекет білім алу құқығын білім беру жүйесін дамыту, оның жұмыс істеуінің 
құқықтық негізін жетілдіру және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес 
білім алу үшін қажетті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз 
етеді.
 
Білім беру сапасын мемлекеттік бақылау білім беру сапасын бағалаудың ұлттық 
жүйесін құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. 
Мемлекет құрған және қолдайтын білім беру жүйесінің арқасында тегін мектепалды, 
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің жалпыға бірдей 
қолжетімділігі қамтамасыз етіледі («Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 8-бап, 
2-т.).
Мемлекет ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың (балалардың) білім алуы 
үшін жағдай жасауға кепілдік береді. 
8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер. Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» Заңы
6. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің 
барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, 
дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды 
қамтамасыз етеді. 
Қазақстан Республикасының Конституциясы ана тілін пайдалану құқығын Қазақстан 
Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары қатарына жатқызады. 
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады (7-бап, 1-тармақ), 
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан халықтарының барлығына ана тілі 
мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін 
таңдап алу құқығына кепілдік береді (19-бап, 2-тармақ). 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағына сәйкес білім 
беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және 
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 
Қазақстан Республикасының «Тiл туралы» Заңында Қазақстан Республикасы 
азаматтарының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік тілде, орыс тілінде, ал 


қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуға құқығы бар екендігі 
белгіленген. 
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып 
табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді. 
Меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың қазақ 
тілін мемлекеттік тіл ретінде білуін, сондай-ақ тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің бірін оқып-үйренуін 
қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік және орыс тілдері орта білім беру ұйымдарында білім 
алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті 
пәндер болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет