Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет96/135
Дата25.11.2023
өлшемі8,52 Mb.
#126497
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135
Байланысты:
b2 (1)

Гегель Г.В.Ф.
Наука логики. С. 108.
202


айтуы бойынша өмір сүру адамда мәннен бүрын, алғашқы. Әрбір адам 
омірінің басталу шағында ешкім де емес, яғни ол кім, калай болуын 
олі анықтаған жоқ. Адам өз мәнін өзі қалайды. Сартрдың ойы: бар­
лык адамдарға ортақ мәннің шеңберінде әр адамның өзіндік мәні 
бар. Ол мәнді өзі қалыптастырады. Әр адамның өзіне қалаған мәні - 
опың өзіне жасаған жобасы. Сондықтан әркім өзінің кім болатын - 
дығын өзі шешіп, оны тек өзінің ғана дүниеде болу жолы деп қара- 
майды, немесе қарамауы тиіс, ол өз жобасын жалпы адамзаттың 
омірлік жобасы ретінде үсынады.
Мысалы, біреу өмірлік жолында католицизмді қабылдайды, ал 
скінші біреу коммунистік партияға мүше болады дейік, олардың әрқай- 
сысы жалпы адам болудың шеңберінде осы өздері тандаған жолды 
бүкіл адамзатқа үсынуға болатын үлгі деп карайды. Адамның шын 
болмысы оның ішінде, яғни оның өзіндік “мендігінің” шеңберінде. 
()л болмыстың мәні, әрине, іс-әрекеттерде көрінеді, бірақ түптеп 
келгенде басқаларға да көрінетін оның істерінің ақырғы, оның озіне 
байланысты мәні ол істердің сырттай белгілі мәнінен тіпті басқаша 
болып жатады. Олай болса әрбір адамның өмір сүруі, оның ішкі мәні 
іүгелімен автономдық нәрсе, өзінің ішкі тереңдігі, өзіндік ауқымы, 
шекарасы, құрылымы бар. Өмір сүру деген осы дейді ол.
XX ғасырдағы Батыс философиясы Шығыстық адамның өз жан 
дүниесін түзеуге бағышталатын дәстүріне коп көңіл боле отырып, 
одан белгілі бір тәлім алды деуге болады. Батыстың бүған дейін 
үстанған, бірден-бір қүндылык деп келген нәрселері, зерде мен ақыл- 
дың қүдіретіне табынғандығы екі дүниежүзілік соғыстан, фашизм мен 
іоталитаризмнің тәжірибесінен кейін т. т. күйреді деуге болады. Ба- 
тыстың бүрынғы бүкіл тарихи рухани тәжірибесінде жекелік ешбір 
мәнсіз нәрседей қаралды. Ол бүкіл әлемді түсінуде де осылай. Адам­
дар дүниесінде қоғам ол жалпылық деп қаралып, ал жеке адам оның 
откінші бір сәтіндей қүбылыс деп қаралады. Бүл туралы жаттануға 
байланысты айтқанбыз. XX ғасырда жалпылықты осірелеу логикасы 
Iоталитаризмнің логикасы екендігі айқындала бастады. Жекелік, да- 
ралық, жалқылык күндылық ретінде алға тартылып келеді.
Сонымен қатар XX ғасыр, әсіресе оның екінші жартысы бүрын да 
айтылғанмен үстем көзкарас бола алмаған әрбір жеке адамның жеке 
омірінің, әрбір жеке тіршіліктің өзіндік шексіз бағалы екендігін қоғам- 
дық коңіл-күйде, ал философиялық, діни, эстетикалық, этикалық ой- 
ларда айрықша корсете бастады. Ол бағыт толык үстем болды деуге әлі 
ерте, бірак осындай коңіл-күйдің күш алып келе жатқандығы айқын. 
Оның үстіне жеке адамның дербестігі, әлеуметтік мэселелерде олардың 
белсенділіті артып келе жатқандығы да корінеді. Жеке адамның, жеке 
тағдырдың алғашқы екендігі, тек дербес субъектілердің озара үйлесімді
203


қатынастары арқылы ғана қоғамның пайда бола алатындығын бұрында 
айттық. Сондықган адам дүниесінде түптеп келгенде әрбір жеке адам- 
ның өзіндік өмір жолын өзі анықгайтындығын мойындау, оны қадірле- 
удің негізінде ғана үйлесімді дүние орнауы хақ. Тек сол арқылы ғана 
адамдардың басқа дүниенің, табиғат әлемінің де өзіндік болмысын, ішкі 
зандылықгарын, өзіндік дербестігін кадірлеу, бағалау туа алады. Табиғатка 
өкгемдік, оны тек түгынудың объектісі деп караудан солай құтыламыз.
Өмір сүру - адам болмысының өзіндік озгеше категориясы, адам 
мәнінің тынымсыз қайта жаңғырып, қайтадан туындап отыратыны- 
ның белгісі. Мүны біз анығырақ ету үшін оның заттардың табиғаты- 
нан, мәнінен айырмашылығын көрсеткен жөн. Табиғаттағы заттар- 
дың, соның ішінде жануарлардың да табиғаты толық калыптасқан- 
нан кейін үнемі сакталады, жоғалмайды, яғни әрбір сөтте, әрбір каты- 
наста кайтадан, жаңадан туып отырмайды. Яғни олардың өмір сүруі 
олардың мәнімен белгілі бір дәрежеде барабар. Олардың әрбір сәтінде 
мәні де, өмір сүруі де біршама бірдей, олар барлық сәтте бар. Әрине, 
сол зат алаңсыз жоғалып кеткенше. Адамда түбірінен олай емес.
Биологиялық түртыдан адамдардың барлык топтары, нәсілдері, 
халыктары, т.т. бірліктері бір түрге жатады екен. Биолоиялық бір түрге 
жататын жануарлардың табиғатында үлкен айырмашылықтар кездес- 
пейді. Ал бір биологиялық түрге жататын адамдардың, тіпті бір ха- 
лықтың, бір шағын топтың ішіндегі адамдардың өзара айырмашы- 
лықтары соншалыкты саналуан, әрі орасан. Ол айырмашылыктар 
кейде тіпті карама-карсылықдәрежесінде. “Мал аласы сыртында, адам 
аласы ішінде” дейтін мәтел осыны көрсетіп түр. Белтілі бір прин- 
ципті, жолды, өнегені үстану бар, немесе, ешбір түрақгы нәрсені үстан- 
бай, әр сәтте оз басына не үтымды, пайдалы дегенді ғана біліп, шексіз 
күбылмалы өмір кешу де бар. Ал, бүл адамдык мәнге жатады. Адам­
дар дүниесінде жалпы, ортак мәндермен қатар жеке адамның жалқы 
мәні де бар. Соған сәйкес жеке өмір сүру бар. Осыған орай ескеретін 
нәрсе - адамдардың өмір сүру формасы, сыртқы қалыпы, көрінуі бірдей 
болған күнде де, өмірдің ішкі мәні әртүрлі болуы ықтимал. Тіпті бір 
адамның өзінің өмір сүру жолында сырттай іс-әрекеттері бүрынғыша, 
үйреншікті қалпында сақтала отырса да, оның үстанатын мәнінің 
түбірінен өзгеретіні болып жататын нәрсе.
Табиғи заттар мен жәндіктер дуниесінде нәрсенің мәнінің, та- 
биғатының толық өзгеруі сол заттың жоғалуы деген сөз. Адам уни- 
версалдығы, оның өз мәнін өзі ауыстыра алатындығында. Сондықтан 
да сондай өзгерудің барлық ауыртпалығы да, барлық игілігі де оның 
оз туындысы. Қалыптасқан адамның өзінде ол үшін де, басқалар үшін 
де түракты болып жүрген оның бағыты, өзіндік ерекше қүндылыкта- 
ры әрбір сәтте, орбір істе, әрбір қатынаста қайта туады, жаңадан
204


пайда болады деуге болады. Бүрыннан үнемі корініп жүретін, тап 
осы адамға тән қатынас оның жаңа істерінде көрінуін басқалар, әри- 
не, одан күтеді, ондай күту ақталады да, бірақ ақталмауы да мүмкін. 
'Гіпті адамның өзінен күткен нәрселері де ақталмауы мүмкін.
Себебі адамның қалыптасуының аяқталуы да, аяқталмауы да 
оның өзіне байланысты. Осы мағынада ол не үнемі жол үстінде, өз 
болмысы мен мәнінде, өмір кешуінде не үнемі жолаушы, не өз ме- 
кенін өзі түйықтап, өз қоршауын өзі бекітуші. Оны ол алаңсыз 
түйықтай ала ма, жоқ па, ол да алдын-ала шешілген нәрсе емес. Олай 
болса, адамда өмір кешу оның мәнінің тек қана сыртқы көріну фор­
масы емес, сол мәннің өзінің, яғни адамның үнемі адам ретінде кай- 
та туып отыру процесі екен.
Адам мәні осылай үнемі қайта туып отыратын болғандықтан, 
яғни өзін адам ретінде, әсіресе тап осындай адам ретінде күн сайын, 
тіпті эр сот сайын қайтадан жасап отыратындыкдан, ол бір рет іске 
асқан, онан кейін үнемі, өмірден кеткенше барлық түрінде, болмыс 
түрінде сақгалмайды, ол үнемі әр іске асканнан, орындалғаннан кейін 
қайтадан әлі іске аспаған, іске асуы тиіс үмтылыс қалпына қайта 
оралады. Іске аскан, болмыстық форма ол үшін енді өткінші бір сот.
Сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет