кадр ресурстарын тартуымыз керек. Біз сонымен қатар ашық нарықтағы
ең үздік шетел мамандарын тартуға және оларды елімізге жұмысқа шақыруға тиіспіз.
Кең көлемді халықаралық тәжірибесі бар әрі білімді басқару кадрларды пайдалану
екі бірдей нәтиже береді:
біз өндірісіміздің менеджментін жаңғыртумен қатар, өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Бұл
-
біз
үшін
жаңа тәжірибе .
2050 жылға дейін кезең - кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды: Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс. Бюджет саясаты
Біз бюджет саясатының жаңа принциптерімен қарулануға
-
өз мүмкіндіктеріміз шегінде ғана
шығындануға және тапшылықты барынша мүмкіндікте қысқартуға тиіспіз. Ұзақ мерзімде олардың сақталуын
қамтамасыз ете отырып, «қиын
-
қыстау» күнге резервтер жинау қажет.
Бюджеттік
-
қаржылық процеске деген көзқарас жекелей салымдарға көзқарас секілді ұқыпты да
ойластырылған болуға тиіс. Басқаша айтқанда, бірде
-
бір бюджеттік теңге ысырап болмауға тиіс.
Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перспектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мәселен, экономиканы
әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс.
Инвестициялар үшін объектілерді олардың мақсаттылығы және қайтарымдылығы тұрғысынан қатаң іріктеу
қажет. Ең заманауи объектілердің өзі оларды ұстап тұру үшін шығыстарды талап етіп, бірақ кірістер
әкелмейтін болса және ел азаматтарының проблемаларын шешпейтін болса, бюджетке масыл боларын есте
сақтаған жөн.
Салық саясаты
Өндіріс және жаңа технологиялар саласындағы салық салу объектілері үшін қолайлы салық режімін
енгізу қажет. Қазір бұл жұмыс басталды. Оны жетілдіру мақсатын қоямын. Барлық қолданыстағы салық
жеңілдіктеріне ревизия жүргізіп, оларды мейілінше тиімді ету керек.
Біз салық әкімшілігін ырықтандыру және кеден әкімшілігін жүйелендіру саясатын жалғастыруға тиіспіз.
Салық есептілігін жеңілдетіп әрі мейлінше азайту қажет.
Біз нарық қатысушыларын салықтан жалтару жолдарын іздеуге емес, бәсекелестікке ынталандыруымыз қажет.
Салықтық қадағалауды прагматикалық азайту шаруашылық субъектілерінің салық қызметімен
диалогын азайтуға тиіс. Алдағы