Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар –
болашақ жар, болашақ ана,
шаңырақтың шырақшылары.
Қазақстан –
зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар
-
ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып,
мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін
әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.
Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық
жағдайды жасауымыз қажет.
Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға,
сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып
-
қымтанбауға тиіс. Біздің
халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы –
қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана –
оның ең ардақты тұлғасы болды.
Біз
Достарыңызбен бөлісу: