Екіншіден, біз әрі қарай да аймақтық қауіпсіздік үшін өз жауапкершілігімізді сезінуге және
Орталық Азияны тұрақтандыруға өз үлесімізді қосуға тиіспіз.
Біздің міндетіміз –
аймақтағы тартысты жағдайдың алғышарттарын жоюға барынша көмектесу.
Орталық Азияны тұрақтандырудың озық тәсілі –
аймақішілік бірігу. Нақ осы жолмен біз біздің
аймақтың тартыстық әлеуетін төмендетіп, толғақты әлеуметтік
-
экономикалық проблемаларды шешіп, су
-
энергетикалық және басқа да қайшылықтардың түйіндерін
жаза аламыз.
Біздің дауысымыз барлық әлемге естіліп тұруға тиіс. Сондықтан мен Астана Экономикалық форумында
өзіміз
G-Global деп атаған диалогтың
жаңа түрін ұсындым.
Әлемде бірде
-
бір ел бастан кешіп жатқан дәуірінің қатерлерін жалғыз өзі жеңе алмайды. Менің бастамамның
мәні –
әділ және қауіпсіз әлем орнықтыру үшін баршаның күшін біріктіру.
Үшіншіден, біздің еліміз
халықаралық прогрессивті бастамаларды бәрін одан әрі
қолдап, жаһандық қауіпсіздікке үлесін қоса беруі керек.
Қазақстан барлық мүдделі серіктестермен және біздің көршілерімізбен бірге Ауғанстан мәселесін
тезірек саяси реттеуге және қайта қалпына келтіруге қол жеткізетін болады.
Қазақстан ИЫҰ
-
ның белсенді қатысушысы бола отырып, Таяу Шығысты реттеу процесінің бейбіт
сипатына шын жүректен мүдделілік танытады. Араб
-
ислам әлеміндегі халықтық толқудан босаған күш
-
қуаттың
жасампаздық арнаға бағытталып, аймақтың
әлеуметтік
-
экономикалық проблемаларын шешуге
қызмет етуі маңызды.
Біз озық қарқынмен
Азия - Тынық мұхиты аймағының елдерімен экономикалық тұрғыдан
жақындасуға тиіспіз. Бұл бізге тек экономикалық дивиденд беріп қана қоймайды, сыртқы саясатымыздың
теңгерімділігін де нығайта түседі.