Дегенмен «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.
Біздің алдымызда оқиғалар барысына өзгеріс енгізу сияқты ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау
керек болды.
Ол міндетті шешу үшін
біз
үш бірдей жаңғырту
жүргізуге тиіс едік: мемлекеттің іргесін қалау мен нарықтық
экономикада серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта өзгерту.
Біз
өзіндік
жолымызды
айқындауға тиіс едік. Бұл жол
"Қазақстан
-2030"
Стратегиясында белгіленген
болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған,
көзқарасымыздағы
маңызды
серпіліс
болды.
Халық нақылында айтылғандай:
«Мақсат –
жетістіктің желкені»
.
Орынды мақсаттар ғана табысқа
жеткізеді
.
Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін
үлкен абырой
. 2008-
2009 жылдардағы
жаһандық
дағдарыс осыны айғақтады.
Қазақстан оған төтеп берді
.
Дағдарыс жетістіктерімізді сетінете алған жоқ, бізді қуатты ете түсті.
Біз таңдаған
ел дамуының саяси, әлеуметтік
-
экономикалық және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін
дәлелдеді
.
1. Қуатты да табысты мемлекет
Біздің басты жетістігіміз –
тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз
.
Біз шекарамызды заңдық тұрғыдан ресімдедік. Елдің тұтастандырылған экономикалық кеңістігін құрдық. Елде
өндірістік байланыстарды қайтадан орнықтырып, нығайттық. Бүгінде барлық өңірлер бір
-
бірімен ажырағысыз
байланыста жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: