«– Немеремнің анасы – Айнаш қызым, сізге бір үлкен аманатым бар. – Иә, әке… – Ұрпағым «Бесік жырынсыз» қалмасыншы. – …Әрине, әке. – Мына сұлу келіншек екеуміз бүгін бар, ертең жоқпыз. Артымызда қалатын ұрпақ – сендер. Ұр- пақ анасы – өзің. Бар жауапкершілік саған арты- лады. Қызға да тәрбиені сен бересің, ұрпақ жал- ғастырар келін де өз қолыңда өсіп-өнеді. Уақыт деген жүйрік қой, анау үш ұлыңның отау құратын жасқа келіп қалғанын байқамай қаласың. Қызда- рың да бойжетіп қалды. Қазірден бастап құлақ- тарына құйыстай білгің, баланың саналы, өнер- ге бай, ақылды болуының басы «Бесік жырында» жатыр. Ұрпағымыз бесіксіз және бесік жырынсыз
135
қалмасын, қызым. «Төрінде бесігі бар үйді төре де сыйлайды» демеуші ме еді, әлемде қанша тіл бар болса, сонша бесік жыры бар ғой, қалқам. Қазаққа ғана емес, адамзатқа ортақ үн бұл. – Дұрыс, атасы. Сәбиіне еміренген ананың омы- рауынан ақ сүт, жүрегінен махаббат, ал тілінен маржан сөз төгіліп тұрады. Мен Айнашыма бесік жырларын жаттатқан да емеспін. Кеудесін- де жарығы бар ма, жанымда жүріп өзі жаттап алыпты, шүкір. Балаңа не тілегің келеді, соны әдемі әуенге сал да, құлағына сыбырлай бер. Жа- сына толмай тұрып баланың миы соны үздіксіз бойына сіңіріп жатады. Бесік жырының да қа- сиеті осында. Айтқан әр сөзің мен тілегің – бауыр етің балаңның келешегі, жаным. – Иә, мама-ау, дұрыс айтасыз. Балаларымның ұлағатты ұрпақ болып, өсіп-өніп келе жатқаны да содан шығар. Құдайға тәубе! Маған осының барлығын үйреткен сізге зор алғыс, мам!.. – Осы сөзіңе Құдай ыразы болсын, қызым. Әжесі, сенің де сөзің өте орынды. Ұрпағың «өй, бұл ескінің ермегі» деп, бесік пен «Бесік жырын» менсінбей жатса, мына бір аңызды айтып бергің, қызым. Қарлығаш, Аққу, Бұлбұл сендер де құлақ түре отырыңдар. «Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, бәріңе тиесілі әңгіме бұл. Жалпы, балам, бесіктің пайда болуы жайлы аңыз мынадай екен. Алтай таулары мен Жетісу өңірін мекен еткен Мизам атты би болыпты. Аңызға сенсек, Мизам баба жүз елу жыл өмір сүрді деседі. Өте дәулетті би болса керек. Үлкен бір орманды иеленіпті. Алай- да «мәңгі өмір бар қайда, өлсең, дәулеттен не пай-
136
да?» демекші, Мизам бидің де дәм-тұзы таусылып, дүниеден өткен күні, артынан қалған мұрагері Ай- дарханның сапарға кеткенін пайдаланып, көреал- маушылары Мизамның орманын түгелдей өртеп жіберіпті. Сол түні Айдарханға әкесі аян беріп, ол бірден ауылына аттанады. Барса, орман шөл да- лаға айналыпты. «Өлмектің артынан өлмек жоқ қой», жарықтарым, содан Айдархан да жылдар өте ес жиып, үйлі-баранды болады, дүниеге ұрпақ келтіреді. Бір күні оның жаңа туған сәбиі жұбату- ға көнбей, күні-түні шыңғырып жылай бастапты. Содан амалы қалмаған Айдархан сыртқа шығып, көкке қарай қол созып, Құдайдан жәрдем тілейді. Үйіне қайтып кірсе, баласы жылағанын қойыпты. Бірақ бала жалғыз емес, ақ киімді қария өрттен қалған ағаш бұтақтарынан бесік жасап алып, ба- ланы тербетіп отыр. Жақындап барса, елес екен, баланы бесікке бөлеген ешкім де жоқ. «Құдайдың