Махаббат ескерткіші Қарлығаш Бахтиярқызы Жәмиля



Pdf көрінісі
бет27/40
Дата25.11.2023
өлшемі6,3 Mb.
#126889
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
Karlygash 2023 130X200

бір белгісі болар» деп, дәл сондай бесік жасап, ба-
ласын бесікке бөлей бастапты. Бесікке бөлеген 
күннен баланың бірнеше күндік мазасыз күйі қай-
тып, жылауы да тоқтапты…
Міне-е-е, алтындарым, бесіктің аңызы осын-
да-а-ай. Естеріңде сақтап жүріңдер. Бұдан шығар 
қорытынды: бесік – балаға ең жайлы да қауіпсіз 
жер. Бірақ бесікке дұрыс бөлеуді, оның барлық 
ырым-шарттарын: баланы қай жағынан жат-
қызу керек, қатты тербеткен дұрыс па, бесік жы-
рын айтарда нені ескеру керек, осының барлығын 
аналарыңнан, әжелеріңнен сұрап біліңдер. Кейін 
келіндеріңе де айтарсыңдар. 
Ал, айналайын, келін, өзіңе айтқан аманатыма 
қиянат етпейтініңе сендім. Үйіміздің берекесіне 


137
айналған бесігіміз ұрпақтан-ұрпаққа жетсін, өне-
ге болсын. Осыған қазірден-ақ қамдана бер, бала-
ларыңа осыларды айта бер, балам, айта бер…».
– Иә, ата, айтамыз. Аманатқа қиянат жаса-
маспыз. 
Иә, біздің отбасы бұл аманатыңды орындай-
тын да шығар, бірақ, ата, сен бұл сөзді бізге ғана 
емес, күллі қазаққа айтып кеткендейсің. Ұрпақты, 
келешекті ойлап елжіреген жүрегіңнен айнал-
дым. Өзіңдей даналар, өзіңдей қариялар, өзіңдей 
қазына қажет бұл қоғамға. Алла қосқан жарын 
ардақтайтын, сертіне адал, «Қазақпын» деп құр 
бекер көкірек қақпай, ұлағатты ұлтымыздың қа-
зынасын бар жүрегімен аялай білетін, тіліне, діні-
не, діліне берік, анасын сыйлайтын, ұлына сөзі 
жүретін, қызына келгенде мейірімін аямай төгіп, 
оның өз қадірін өзі білуіне үйрететін азаматтар 
қажет. Өйтпесек, біз ұлт болып ұзақ ғасыр жасай 
алмаспыз. Әттең, біз қанша дәулетті болсақ та, 
әйтеуір, нан табудың түрлі амал-айласын тауып, 
өлместің қамын жесек те, ұлттық құндылыққа 
келгенде азып барамыз. Ата, бірақ оған күрсіне 
көрмеші. Өз елің айтқандай, «Көш жүре түзелер». 
Десе де, бәрі мен айтқандай жаман емес. Ұлттық 
құндылық пен мынау заманның жаңалығын
жақсысын қатар алып келе жатқан ұрпақтар бар. 
Бізді ел етіп ұстап тұрған да осы адамдар. Мүмкін, 
төрт құбыламыз тең болмақ үшін уақыт та қажет 
шығар. Үмітімізді үзбейік… 
Келешекке үлкен үмітпен қарап, 
 
жер басып жүрген Қарлығашың! 


138
Алтыншы хат 
Ата, тағы да мен өзіңді іздедім... Өзіңе өзек-
жарды сырымды айтып, ала көбең кеште мынау 
бір жеңілдеп қалсам дедім. Бірақ ол тілегім ойға 
аспағандай. Неге десең, сен жанымда жоқсың, 
алыстасың. Ала қырдың ар жағындасың. Ала 
күңкі дүниенің дүрбелеңінен өзіңді мәңгіге алыс 
ұстап, бей-жай ғана жатқандайсың. Атау, менің 
қандай халде жүргенімді сезген шығарсың. Сол 
бір махаббат деген дүниенің сезім отына шарпы-
лып, шат-шәлекей сарсаң күй кешумен жүрмін. 
Тегінде өмір дегеннің күретамыры осындай отқа 
жанып, суға түсуден тұрады ма деп қалдым. Рас, 
өмірдің өзі де солай екен... Егіз қозыдай бір-бірі-
не ұқсас күндерім кең өлкеде жосыла жортқан 
киіктердей көз алдымда зуылдап өтіп барады... 
Басымнан не түрлі жағдаяттар жамырасып-жал-
пылдасып өтіп те жатыр. Оның қайсыбірін ай-
тып тауысайын сізге. Тауым шағылып, төзімім 
таусылса иек артар жанымда Аққу мен Бибігүл, 
сіздің сүйікті немере келініңіз – жеңешем Халифа 
бар. Сенің орныңды баса алмаса да, жүрегімнің 
дүрсіл үніне құлақ түріп, мені түсінуге тырысқан 
үш періштем осылар.
Жаздың жайма-шуақ күнінде Халифа жеңгем-
мен Алматының адам аяғы аздау бір гүлзар ба-
ғында кездестік. Мен жазғы іс-тәжірибеден өтіп 
жүрген жекеменшік мектептен жеттім, ол үйінен 
келді. Екеумізге де жайлы, сырлы кеш боларын 
сезіп едім. Сезімім алдамады. Ол екеуміз едәуір 
сыр бөлістік. Ол менің теңіздей толқып, таудай 


139
дөңбекшіген жан дүниемнің жайын түсінбекке 
тырысты. Түсінді деп те ойлаймын. Түсінбекке 
тырысқан ықыласы барына рақмет. Халифа же-
ңешем, жаныма ерекше жақын, мені үнсіз түсі-
нетін жақыным ғой. Ата, өзіңнен «жақсы жеңе-
шең – жарты анаң» деген сөзді жиі естуші едік, 
сол рас екен. Халифа жеңгем хал-қадірінше қаба-
ғыма қарап, қарсы алдымда бәйек бүгін. 
«Жеңгелеріңмен жақын болыңдар, жарты 
мейіз болса да бөлісіп жеп, тату-тәтті жүріңдер,
Сырыңды айтсаң жеңгеңе, жыр болып елге жа-
йылмас», – деп те айтушы едің. Шүкір, ата, тату-
мыз. Жеңгеме айтқан жан сырым жат адамның 
құлағына шалынған емес. Кешегі Қыз Жібек, жең-
гесі – Дүрияға, Тоғжан Қарашаш жеңгесіне, Бота-
гөз – Айбалаға, Шұға – Зәйкүлге қандай жақын 
болса, мен де Халифа жеңгеме сондай жақынмын, 
ата. Қайын сіңлілерін хан қызындай көріп құр-
меттеген, олардың қайым мұңын барынша
түсі-
не білген осындай жеңгелер емес пе? Сондықтан 
менің осы бір ой-сырымды құптарсың деп ойлай-
мын. 
Сонымен, жеңгеммен әңгіме былай басталды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет