осының бəрі не үшін екенін аңғара алмадыңдар. Хақ тағала сендерге шарапатын төгіп,
осыншама жақсылық бергенде, шүкіршілік ете алмадыңдар. Хақ тағала сендерге небір
пəлекеттерді жаудырғанда, тағат тауып сабыр сақтай алмадыңдар. Түйені бауыздап тастаған соң,
əлі де тəубеге келуге мүмкіндік бар еді. Амал нешік! Оны да жіберіп алдыңдар. Бұдан соң
сендерге рақым жоқ. Бұндай кеселдеріңнің, сірə енді, емі табыла қоймас. Сендер енді үш күн
күтіңдер. Алғашқы күні беттерің сарғаяды. Екінші күні қызарады. Ақырғы күні қараяды.
Төртінші күні қандалаша қадалған азап сендерді бидайдай қуырып жер бетінен жоқ қылады, –
деп ақырғы сөзін ашынып тұрып айтты.
Мүшріктердің басшылары бұл сөзді де қаперлеріне алмай, əуелі Салихтың өзін, одан соң
отбасын, артынша мұсылмандарды түгел қырып тастауды жоспарлады. Олар осындай шешімге
келіп ант-су ішісті
?">[158]
?">.
Құранда «Шəмс» сүресінің 14-аятында
«Бірақ, олар Салихтың сөзін тыңдамай, түйені
өлтіріп тастады»
деп айтылады. Яғни олар пайғамбарларының дегеніне құлақ аспады. Күндіз-
түні араларында жүріп, насихат айтқанмен, халқы тым құрыса бір рет: «осының айтқаны дұрыс
болып шықса, жағдайымыз не болмақ?» деп ойланып та көрмеді. Қайта аталмыш аяттағы
«ақара» сөзі бір малды құлатып, аяқтарын байлап, бауыздап тастау деген мағынаға келеді.
Ендеше олар жазықсыз түйені ұрып қана қойған жоқ, жерге жығып, байлап бауыздап өлтіреді.
Бұл іс-əрекеттері олардың азғындықтарының ең шектен шыққан түрі еді.
«Сонда Раббылары оларға қылмыстарының салдарынан апат жіберіп, түгелдей жермен-
жексен етті».
«Хижр» сүресінде: «
Сонда оларды ащы дауыс бүріп əкетті?">»
?">
[159]
?">, – деп
айтылғандай, Самуд халқының үстіне ауыр азап найзағайдай жарқ етіп түсіп, бəрін бір сəтте
жермен-жексен етіп, жер бетінен жоқ қылд?">ы
?">[160]
. Көп жылдар, бəлкім, ғасырлар бойы ғұмыр
кешіп келе жатқан қоғам бір сəтте жер бетінен жоғалып, Самуд халқы бұрын-соңды өмір
сүрмегендей ізі ғайып болды. Иə, Хақ тағаланың қаһарына ұшыраған ел, не жеке тұлғаның
ажалы осылай болмақ. Өйткені, олар киелі түйені бауыздағанындай өз тағдырларын өздері
шешкен еді. Аллаһ тағаланың ашуына тиген елдің ажалы кейде су тасқыны, кейде жерден
шыққан от, енді бірде зілзала, тағы басқа біз білмейтін орасан пəлекеттер арқылы көрініс
табады. Міне, Самуд халқы да ащы дауыс арқылы бізге беймəлім бір пəлекетке тап келіп, тауды
ойып салған үйлерімен қоса түгелдей тып-типыл болды. Аллаһ тағаланың түйені жартастан
шығарып, күллі құдықтың суын бір өзіне ішкізіп көрсеткен мұғжизасында құдіретінің
шексіздігін түсінер деген ғибрат жатыр еді. Өйткені, олардың өмірі тау-таспен тығыз
байланысты еді. Олар сол тауларды бұзып сарайлар тұрғызып, өмір сүрген. Ал тасты ойып үй
салу деген – екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Олар тас дегеннің не нəрсе екендігін
жақсы білетін. Бұған қоса түйе олардың малының төресі, яғни, тіршілік көзі еді. Аллаһ тағала
олардың ең қатты деген жартасын жарып, түйе яғни, жанды нəрсені жаратып көз алдарына
қойды. Аллаһ тағаланың құдіретімен жартас екеш жартас та қақ айырылып, қақпадай ашылады.
Ендеше ең қатты нəрседен ең жұмсақ тіршілікті жаратқан Құдайдың бұл құдіреті олардың
көкірек көздерін ашуға жетпей ме? Бірақ олардың жүректері сол жартастан да қатты болып
шықты. Хакім Абайдың «Жартасқа бардым, күнде айқай салдым» дегеніндей, Аллаһ тағаланың
құдіреттілігіне жартас тағзым етіп, қақ айырылғанмен олардың тас жүрегі міз бақпай қойды.
Достарыңызбен бөлісу: