Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының cараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет55/96
Дата25.11.2023
өлшемі1,76 Mb.
#126971
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   96
Байланысты:
Пайғамбарлар тарихы (Қалмақан Сейтұлы)

басқалай істер де істеймін?">»
?">[279]
?">, – дейді.
Адам баласы қашанда өзіне ұнаған адаммен кездескен шақта, онымен көбірек тілдесіп
қалғысы келеді. Бұл жерде де хазірет Мұса ғаламзаттың Раббысымен тілдескен кезде, бір аса
таяқтың өзін жыр қылып айта бергісі келді. Һəм Хақ тағала 
«Оң қолыңдағы не нəрсе?»
деп оның


кəдімгі таяқ екендігіне назар аудартуда. Хазірет Мұса да оның расында ағаштан жасап алған аса
таяқ екендігін ашық баян етеді. Осы кезде Аллаһ тағала: 
«Ей, Мұса! Қолыңдағы аса таяқты
жерге таста!»
– дейді. Хазірет Мұса оны жерге тастап жібергенде, кəдімгі жай таяқ улы
жыланға айналып шыға келеді. Түр-түсі сұп-суық оқ жыландай ысылдап хазірет Мұсаның өзін
шошытты. Тіпті ол қорқып қашты да. Хақ тағала сонда: 
«Оны қайта қолыңа ұста, қорықпа. Бері
кел! Оны əуелгі қалпына келтіреміз»
, – деді. Бұл жыланнан хазірет Мұсаның өзі шошығанына
қарап, оның қандай жылан екенін көз алдыңызға елестете беріңіз. Хазірет Мұса Хақ тағаланың
сөзінен кейін қорқынышы басылып, жыланды ұстай алғаны сол еді, ол баяғы қой қайыратын
асатаяғына айналды. 
«Қолыңды қойныңа тық. Мінсіз күйде аппақ болып шығады»
?">[280]
. Хазірет
Мұса қолын қойнына тығып, қайта алып қалып еді, қолы аппақ болып жарқырап шыға келді.
Хақ тағала Мұсаға: «Ей, Мұса! Осы екі мұғжиза – перғауынға да, адамдарына да Раббыңның екі
дəлелі. Өйткені олар тым шектен шықты», – дейді. Хазірет Мұса: 
«Я, Раббым! Көңілімді
кеңейтіп, ісімді жеңіл ет! Олар сөзімді жақсы түсіну үшін, менің тұтықтығымды жаза гөр.
Я, Раббым! Туысым Харунды маған уəзір əрі көмекші етіп бер. Һəм ол маған қарағанда сөзге
əлдеқайда жүйрік. Оларға жүйелі сөз айта алмай қаламын ба деп қорқамын. Оның үстіне
олардың бір адамын байқамай өлтіріп алғанмын. Харунды менімен бірге пайғамбар етіп жібер.
Оны менің міндетіме ортақ қылатын болсаң, Сені көп еске алып, пəктейміз?">»
?">[281]
?">, – дейді.
Кейбір деректерде хазірет Мұсаның тілі жас кезінде шоққа күйіп, тілі қатты мүкістеніп
қалған деген сөздердің негізі жоқ. Өйткені пайғамбарлық міндетте ешқандай кемістік болмауы
шарт
?">[282]
?">.
Хақ тағала: 
«Ей, Мұса! Тілегің қабыл болды. Туысың арқылы білегіңді күшейтіп, екеуіңе
олар шамасы келмейтін күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де, сендерге ергендер де жеңіске
жетесіңдер». «Екеуің перғауынға барыңдар, өйткені ол шектен шыққан. Оған сыпайы түрде
жұмсақ тілмен сөйлеңдер, мүмкін сөздеріңе сонда ғана құлақ асар яки қорқар»
?">[283]
?">, – дейді.
Дінді қоғамға немесе жеке тұлғаға уағыздау барысында сыпайы да, көркем тілмен жеткізу
қажет. Бұл тəблиғ, яғни дінді жеткізудің негізгі қағидасы. Егер бір қоғамда дінді
насихаттаушылар Хақ тағаланың осы жарлығы мен белгілеген ережесі арқылы елді дінге
шақырмай, керісінше, дөрекі түрде, қатты-қатты батырып айтатын болса, онда олар сол міндетті
орындамақ тұрмақ елді діннен бездіруі де кəдік. Атам қазақтың «Жылы-жылы сөйлесе, жылан
іннен шығады, қатты-қатты сөйлесе мұсылман діннен шығады» деген мақалы осыдан қалса
керек.
Хақ тағала хазірет Мұсаға Харунға қатысты «тілегің қабыл болды» деген сəтте, Харунға уахи
келіп, ол да пайғамбар болған еді. Олар Мысырда жолықты. Екеуара залым перғауынға ақиқатты
айтар күнге сақадай сай болса да, «Не болар екен?» деген уайымдары жоқ емес-тұғын. Олар
Аллаһ тағалаға: «
Раббымыз! Оның өктемдік қылуынан яки шектен шығуынан қорқамыз», – деп
дұға етеді. Хақ тағала: «Қорықпаңдар! Сендермен біргемін. Естимін, көремін. Екеуің барып:
«Біз Раббыңның саған жіберген елшісіміз; ал енді Исрайыл ұрпақтарын бізбен бірге жібер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   96




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет