— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін



Pdf көрінісі
бет43/114
Дата25.11.2023
өлшемі4,12 Mb.
#127018
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 — 74 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
 Той бизнес
Той – халықтың қазынасы. Расымен, қазақ той 
десе бар жиған-тергенін шашады. Қазақтың той 
тойлауы баяғыша болғанымен, ұйымдастыру жүйесі 
жаңарған. Мысалы, тойды бұрынғыдай той иелері 
емес, той ұйымдастыру орталықтары дайындап, 
өткізеді. Бірінен бірі қалмай, жарыса, ерекше етіп 
жасалған тойлар қазір ел аузында. Тіпті халықты 
ештеңемен таң қалдыра алмай қалғанбыз ба деп 
қаламыз. Әйтсе де пәленшеден озамын деп, дәстүрлі 
емес кретативті әрі тиімді етіп тойларын өткізу үшін 
түрлі агенттіктер іздейтініміз рас. Демек қазақтың 
тойын бизнес көзіне айналдыру өміршең кәсіп түрі. 
Яғни тойдағы:
• 
дастарханның сәнделуінен басталып, 
• 
орындықтардағы мата түсіне дейін, 
• 
сыйлар мен баннерлер жасау кең ауқымды 
табысты болып келеді.
Сонымен тойдағы безендірулермен айналысып, 
табыс тапқыңыз келсе мынадай кеңестерді пайдаға 
асырғаныңыз жөн:
1. Жоғары бәсекелестік болғандықтан, көрсеткен 
қызмет сапаңызға ерекше мән беру керек.
2. Ең бастысы ерекшелік ойлап табыңыз.
Асыра сілтейміз деп қазақылықты ұмытпай, өз 
менталитетімізге лайықты той ұйымдастырушылар 
болсаңыз нағыз кәсіп көзін таптыңыз деп айта аламыз.


 — 75 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
Корн-дог
Сэндвичтің пайда болу тарихы осы бизнестің 
ашылуына мысал бола алады. Осы ретте қызықты 
ақпарат болсын. Сэндвич деген — адам есімі. Өте бай 
граф құмар ойындарды ойнағанды жақсы көрген. 
Ойын барысында тамақтануға уакыт кетірмей, етті 
екі нанның арасына салып жегенді жөн көрген.
Ал қазір қарбаласқан өмірде біз барлығына 
үлгеруге тырысамыз, фаст-фуд тағамдары да өте 
көп. Бірақ үзіліс арасында жүрек жалғап алып тұрып, 
тазалыққа да көңіл бөлу керек. Осы орайда фаст-
фудтың таяқшада сатылатын түрі корн-дог жақсы 
кәсіпке айнала алады. 
Бұл бизнес түрін:
• 
оқу орнына жақын орналасқан аймақта 
• 
бизнес орталықтарда ашуға өте қолайлы. 
Қарапайым фаст-фудтан артықшылығы — 
тұтынуға ыңғайлы. Корн-дог мөлшері шағын болса, 
бағасы да 250-400 теңге шамасында болады. Ол 
оның өтімділігін жоғарылатып, студенттер мен 
оқушылардың ең сүйікті асына айнала алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет