— 1 — dauletten қосымшасындағы баспанаға бағыт ақылы видео-сабақтарына жазылу үшін



Pdf көрінісі
бет98/114
Дата25.11.2023
өлшемі4,12 Mb.
#127018
түріСабақ
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   114
Байланысты:
«Бизнеске бағыт» кітабы.

 — 176 —
Б
аспана жайлы 
Ұ
ланнан жеке ақылы консультация үшін: 
8-700-298-72-83 (W
hats
A
pp
)
сіздің кәсібіңіз болса бұл бағдарлама сізге арналған. 
Несие сомасы 21 208 000 теңгеден, банктің несие 
бойынша мөлшерлемесі 6% -ға дейін. Жалпы қарыз 
сомасының 50%-на дейін қор кепілдік бола алады. Бұл 
кепілдік бойынша несие алу үшін басқа кредиттеріңіз 
бойынша 90 күн «просрочкаңыз» болмауы тиіс, 
сонымен қатар соңғы 5 жылдағы «кредитная 
историяңыз» жақсы болуы міндетті. Несие беретін 
банктер – BankCentarCredit, EurasianBank, ForteBank, 
VTB, Сбербанк, АТФБанк, МФОДаму, HalykBank.
Айтпақшы DAMU ұсынып отырған барлық 3 
бағдарлама бойынша егер де төлем қабілеттілігін 
дәлелдей алмай жатсаңыз қасыңызға кепіл адам (га-
рант) қосуға болады.
«Астана Start Up»
Бұл бағдарлама Нұр-Сұлтан тұрғындарына 
арналған. Аталған бағыт бойынша несиені жаңадан 
бастап жатқан кәсіпкерлер, сонымен қатар бизнесі 
барларға да алуға мүмкіндіктері бар. 50 миллион 
теңгеге дейін қаражатты серіктес болып отырған 
QazKom банкы ұсынып отыр. Несиені 7 жылға дейін 
уақытқа алуға болады. Сыйақы үстемесі - 7,9%. 
«Алматы - Жібек жолы»
Шағын және орта бизнесті қаржыландыруға 
бағытталған бағдарлама Алматы қаласының 
тұрғындарына немесе оңтүстік астанамызда кәсіп 


 — 177 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы 
видео-сабақтарына жазылу үшін: 
8-747-942-18-76
 (WhatsApp)
бастағысы келетін жандарға арналған. Несие сомасы 
180 миллион теңгеге дейін. Банктың сыйақы үстемесі 
– 7%. Несиелеу мерзіміне келетін болсақ, инвестииция 
үшін 2023 жылдың 1 қарашасына дейін, айналымдағы 
қаражатты толтыру мақсатындағы несиелер 36 ай-
дан аспауы тиіс. Қатысушы банктер тізімі: NURBANK, 
ForteBank, АТФ Банк және HalykBank. Басымдылық 
берілетін салалар тізіміне сауда, тұрғын жай, меди-
циналық және ортопедиялық тауарлар, жарнама 
қызметтері, фитнес клубтар, мектепке дейінгі білім 
беру орталықтары, шаштараз, дене шынықтыру және 
сауықтыру қызметтері кіріп отыр. Не керек кәсіп 
бастаймын деген жандарға тамаша мүмкіндік.
«Алматы Өнім»
Шағын және орта бизнесті қаржыландыру 
бағдарламасы. Аталған бағыт бойынша несие алу 
үшін жоғарыда айта кеткенімдей Алматы қаласының 
тұрғындарына немесе Алматыда кәсіп бастағысы 
келетін жандарға арналған. Басымдылық берілетін 
сала – минералды және алкоголсіз сусындар өндірісі. 
Максималды несие сомасы 100 миллион теңге, сыйақы 
үстемесі 8,5% аспайды, 7 жылға дейін несие алуға 
мүмкіндік бар. Негізгі қарызды қайтару бойынша 
жеңілдік кезеңі 18 айға дейін. Қатысушы банк – 
HalykBank.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет