Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық


Оқытудағы уәждеу тәсілдері



Pdf көрінісі
бет6/61
Дата25.11.2023
өлшемі1,16 Mb.
#127289
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Оқытудағы уәждеу тәсілдері
Мектеп тренерлері адамдарды оқуға және өмір бойы білім алушы болуға не ынталанды- 
ратынын біледі.
Мектеп тренерлері өз тобындағы мұғалімдерді оқуға не ынталандыратынын түсінуге ты- 
рысады. Олар мұғалімдер курсқа не себепті жазылғанын және бағдарламаны аяқтағаннан кейін 
неге қол жеткізуге үміттенетінін анықтау үшін курстың басында сауалнама жүргізе алады. Оқу 
барысында мектеп тренерлері уәж мәселелерін мұғалімдермен жеке-дара және/немесе топ- 
тарда талқылайды. Олар оқу мен дамуға қолдау көрсетіп, ынталандыру үшін курс барысында 
алынған деректерді пайдаланады.
Мектеп тренерлері тыңдаушылар таным үдерісіне қызығушылығын жоғалтпау 
үшін оқу ортасы мен жұмыс ағымын басқарады. Олар сабақ кезеңі мен тыңдаушылар 
қажеттіліктеріне қарай оқыту стилін өзгерте отырып, жеке тыңдаушылар, жұптар, 
шағын топтар мен бүкіл топта оқытуды бақылайды.
Мектеп тренерлері сабақтың белгілі бір мақсатына жету үшін оқытудың әртүрлі белсенді 
тәсілдерін пайдаланады. Күні бойы мұғалімдер сабаққа ынтасын сақтап, белсенді араласып 
отыру үшін әртүрлі тапсырма орындайды. Мектеп тренерлері өз тобындағы мұғалімдердің 
қажеттіліктеріне сезімтал болып, олардың бойындағы өзгерістерге сәйкес өзінің пайдалана- 
тын тәсілдерін бейімдеп отырады. Тәсілдерге мыналар жатады:

мектеп тренерінің идеяларды, модельдер мен т.б. ұсынуы немесе нұсқау беруі;

өз бетінше оқу және зерттеу жүргізу;

жеке тапсырма орындау, мысалы, іс-әрекеттегі зерттеуді сипаттай отырып плакат 
әзірлеу;

шағын топтағы жеке таныстырылым;

жұптық немесе шағын топтарда талқылау;

тапсырманы орындауға бағытталған жұптық немесе шағын топтардағы бірлескен 
жұмыс (плакат, PowerPoint таныстырылымдарын дайындауға болады немесе шағын қойылым 
жасауға болады, мысалы, «стоп-кадр», рөлдік ойын және т.б.);

жеке рефлексиялық есеп жазу;

өзін-өзі бағалау;

өзара бағалау және т.б.
Мұғалімдер сабақтың басым бөлігін белсенді өткізеді, яғни ақпарат іздейді, талқы жүргізеді 
немесе жеке не бірлескен тапсырмаларды орындауға қатысады.
Мектеп тренерлері оқуға ынталандыратын және сын тұрғысынан ойлауға ықпал 
ететін жаттығу әзірлейді. Олар тыңдаушылардың білімқұмарлығы, шығармашылығы мен 
сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететін жеке, жұптық, топтық және 
бүкіл сынып қатысатын жұмыстарды пайдаланады.


Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
8
 
 
Мектеп тренерлері тыңдаушыларға белсенді қатысуды талап ететін, олардың талаптары мен 
қызығушылықтарына жауап беретін тапсырма ұсынады. Қандай жұмыс түрі қолданылатынына 
қарамастан, әріптестермен және/немесе мектеп тренерімен талқылауға үнемі мүмкіндік 
беріледі. Мектеп тренерлері мұғалімдерге әртүрлі бағытта, тереңнен немесе сын тұрғысынан 
ойлануға көмектесу үшін олардың тапсырмаларына және берген жауаптарына байланысты- 
ра сұрақ қояды. Тыңдаушылардың бір-біріне шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау 
қабілетін дамытатын сұрақ қоюы ынталандырылады. Мұғалімдерге оқылым, талқылау және 
зерттеу арқылы өз идеяларын жүзеге асыру ұсынылады.
Мектеп тренерлері оқыту мен оқу қағидаттары, стандарттары мен теориялары жұмыс 
әдістерін дамытуға және өзгертуге көмектесе алатынын біледі.
Бағдарламаны жүзеге асыруда мектеп тренерлері оқыту мен оқу туралы заманауи идея- 
ларды түсінетіндігін көрсетеді. Олар мұғалімдерге оқу әдістері мен тәсілдерін жақсылап 
ойластырып (зерттеп) өзгерту оқушылардың оқу үдерісіне жағымды әсер ететінін түсінуге 
көмектеседі. Мектеп тренерлері алдағы тәжірибелік қызметтерінде пайдалы болу үшін 
мұғалімдердің белгілі бір қағидаттарды, құрылым мен теорияларды қолдануды ойластырып, 
оның нәтижелерін талқылауын көтермелейді. Олар мұғалімдерге өзгеріс енгізу қажеттігі мен 
талап етілетін өзгерістерді бағамдау тәсілдерін анықтау үшін осы қағидаттарды, құрылым мен 
теорияларды пайдалануды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет