369
шектеулі балалармен бірге оқытуға құлықсыздығы, қалыпты дамып келе
жатқан балалардың мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс қатынасы, мүмкіндігі
шектеулі балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделуіндегі қиындықтар.
Осы мәлелердің туындауынан қорқатын ата-аналар баласының ерекшелігін
жасырып қалуға, белгілі болған жағдайда мойындамай, басын алып қашуға
тырысатын ата-аналардың кездесетіні қиындық туындатады. Осы мәселерлерді
айқындау
мақсатында
мектеп-лицейдің
психологиялық-педагогикалық
қолдаудау көрсету орталығының мамандары жыл басында өз бағыттары
бойынша диагностикалық жұмыстар жүргізеді. Диагностикалық жұмыс
жанжақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық қағидалары арқылы жүзеге
асырылады. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының
болжамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп,
түзете-дамыту
жұмысының
мазмұнын
анықтауға
мүмкіндік
береді.
Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін
ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың
ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады. Нәтижесі бойынша педагогикалық-
психологиялық консилиум өткізіліп, қиындықтар айқындалған оқушының ата-
анасымен жеке әңгіме жүргізіліп, әр оқушының оқуы табысты болуын
қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге
асырылатын оқу үдерісіндегі көмек пен қызмет көрсету қажеттілігі туралы
айтылып, Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық
қолдау орталығына баруға кеңес берілді. [2, 22 б.]
Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру
процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету
маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық-
педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс. Баланы психологиялық -
педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне,
оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға
бағытталған кәсіби белсенді жүйе. Мұның бәрі баланың танымдық қабілетінің
дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне деген сенімінің артуына,
жетістіктерге бірқадам жақындауға жағдай жасайды. Жүсіпбек Аймауытов
«Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын
көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе
білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы
еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп,
бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: