41
Ғҧн мемлекеті.
Б.з.б. бір мыңжылдықтың екінші жартысынан
бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның
кҿшпелі тайпаларының рҿлі ҿсті. Солардың бірі ғҧндар еді. Ғҧн
тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен,
қаталдығымен жҽне халықтардың ҧлы қоныс аударуының басталуына
негіз болған кҿшпенділігімен мҽлім.
Б.з.б ІV-ІІІ ғасырларда Қытайдың солтҥстігіндегі кҿшпелі
тайпалардың топтасуы нҽтижесінде екі тайпалық бірлестік сунну жҽне
дунху тайпалары қалыптасты. Мҧндағы сунну тайпалары ҿз
заманындағы тарихи оқиғаларға белсене қатысып, кҿршілес елдердің
тарихына ықпал жасады.
Суннулар (хунну немесе ғҧндар) б.з.б. ІІІ ғасырда едҽуір кҥшейді.
Ғҧндардың жаңа жорықтарынан қауіптенген қытайлар Ҧлы қытай
қамалын салады.
Мемлекеттің басында шаньюй отырды. Б.з.б. 209 жылы
ғҧндардың билеушісі болып Мҿде сайланды. Ғҧндарды қҧдіретті елге
айналдыру мақсатында Мҿде бірқатар реформалар жасады. Б.з.б. 206
жылы Мҿде Қытайға шабуыл жасады. Ғҧндармен болған шайқастарда
сҽтсіздіктерге ҧшыраған Қытай империясы Мҿдемен «тыныштық жҽне
туыстық туралы» шарт жасасты. Қытай империясы ғҧндарға жыл сайын
кҿп
мҿлшерде
салық
тҿлеп
тҧруға
міндеттенді.
Байкалдан Тибетке жҽне Шығыс Тҥркістаннан Хуанхэ ҿзенінің орта
ағысына дейін созылып жатқан жердің бҽрі ғҧндардың қол
астына қарады.
Б.з.б. 47 жылы ғҧн мемлекеті ішкі ала ауыздықтың нҽтижесінде —
оңтҥстік жҽне солтҥстік болып екіге бҿлінді. Оңтҥстіктегі ғҧндар
Қытайдың Хань империясына бағынады. Ал солтҥстіктегі ғҧндар
ҿздерінің тҽуелсіздігін сақтап, солтҥстік Монголияда жҽне Шығыс
Тҥркістанның солтҥстік аймақтарында кҿшіп-қонып жҥрді. Бҧлардың
бір бҿлігі Тянь – Шаньнан ҿтіп, қаңлы тайпаларының шығыс жағына
қоныстанады. Мҧның ҿзі ғҧндардың Қазақстан мен Орта Азия жеріне
тҧңғыш рет жаппай ҿтуі еді.
Ғҧндардың Қазақстан жеріне екінші рет қоныс аударуы б.з. 93
жылы басталды. Қытай ҽскерлерінің ығыстыруымен ғҧндар батысқа
қарай жылжиды. Кейінірек ғҧндар Арал теңізі мен Каспий маңына
шығып, аландарға шабуыл жасайды. V ғасырда олар Рим империясына
қауіп тҿндіріп, оның қҧлауына ҿз септігін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: