Қарахан мемлекеті (940-1210 жж.) . Мемлекеттің қҧрылуында
жҽне оның тарихында басты рҿлді Қарлҧқ конфедерациясының
тайпалары атқарады. Бҧл конфедерацияға қарлҧқтармен бірге шігіл мен
яғма тайпалары да кірген еді. Қарахан ҽулетінің негізін салушы Сатҧқ
Боғрахан болып есептелінеді. Ол 942 жылы Баласағҧнның билеушісін
қҧлатып ҿзін жоғары қаған деп жариялады жҽне ол басқарған мемлекет
Қарахан мемлекеті деп аталды. Қарахан мемлекетінің аумағы Шығыс
Тҥркістан, Жетісу, Сырдария, Шу, Талас ҿзендерінің бойын алып жатты.
Мемлекеттің астанасы Шу бойындағы Баласағҧн қаласында орналасты.
Боғрахан ҿлгеннен кейін мемлекет билігі оның баласы Мҧсаға кҿшті. Ол
960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады.
Қазақстан жеріндегі кҿшпелі қоғамдардың саяси қҧрылымдарынан
бҧл мемлекеттің бір айырмашылығы – ҽскери басқару ҽкімшілік
басқарудан бҿлінген болатын. Мемлекеттік – ҽкімшілік қҧрылыс
иерархиялық принципке негізделген еді. Кҿшпелі жҽне отырықшы
халық идеологиясында ежелгі тҥріктердің діни тҥсініктері орын алады.
Қағанатта мемлекеттік дін есебінде қабылданған ислам одан ҽрі дами
береді. Елді исламдандыру, ҽсіресе Оңтҥстік Қазақстан аудандарын
исламдандыру, мҧсылман дінінің кҿшпелі ақсҥйектер арасына енуі кҿне
тҥрік руникалық жазуын ығыстырып тастайды да, араб ҽріпіне
негізделген жаңа тҥрік жазуының тҥзілуіне жеткізеді. Тҧтас алғанда
Қарахандар дҽуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа
кезең болып табылады.
Қыпшақ хандығы (ХІ-ХІІІғғ.)- қазіргі
Қазақстанның
Шығысындағы Алтай мен Ертістен бастап, батысындағы Еділ мен
Оңтҥстік Оралға дейін, Оңтҥстігіндегі Балқаш кҿлінен теріскейдегі
Оңтҥстік-батыс Сібірдің орманды дала аймағына дейінгі кең
территориясына тарап, емін-еркін қоныстанады. Орыс жылнамаларында
қыпшақтарды половцы деп атаса, византиялық авторлар оларды
кумандар деп жазады. Қыпшақ одағының ҥш тҥрі белгілі, олар:
қазақстандық (Дешті Қыпшақ), оңтҥстік-орыс, солтҥстік-кавказдық. ХІ-
ХІІ ғғ. қыпшақтар кейінгі тҥркі дҽуіріндегі халықаралық оқиғаларда
маңызды рҿл атқарды. Тарихта қыпшақтан шыққан Бейбарыс сҧлтан
басқарған мамлюктер мемлекеті де белгілі. Олар ҧзақ уақыт бойы
Алдыңғы Азияда билік етіп крест жорықтарына тосқауыл болды.