Қазақстан тарихы кафедрасы


ХІV-ХV ғғ.Қазақстан территориясындағы мемлекеттер



Pdf көрінісі
бет31/98
Дата25.11.2023
өлшемі1,24 Mb.
#127340
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98
Байланысты:
file185

ХІV-ХV ғғ.Қазақстан территориясындағы мемлекеттер 
Алтын Орда мемлекеті.
Жошы ҿлгеннен кейін оның мҧрагері 
ҧлы Батый Шыңғыс ханның Батысқа қарай тоқтап қалған жорығын 
қайта жалғастырады. Ол 1236-1242 жылдары Еділ бойы елдерін, одан ҽрі 
бытыраңқы жатқан орыс княздықтарын талқандап, Венгрия, Чехия, 
Польша жерлеріне дейін барды. Батыйдың қанды жорықтарынан кейін 
Жошы ҧлысы Алтайдан Дунайға дейінгі жерлермен ҧлғая тҥсті. Батый 
хан Ертістегі хан ордасын Еділдің тҿменгі ағысындағы, қазіргі 
Астрахань маңындағы жерге ауыстырады жҽне жаңа мемлекеттің 
негізін салады. Тарихи ҽдебиетте бҧл мемлекет Алтын Орда деген атқа 
ие болады, астанасы Сарай-Бату деп аталады. Алтын Орда кҿп ҧлтты 
мемлекеттік қҧрылым еді. Ол қоғамдық-экономикалық дамуының 
деңгейі жағынан бір-бірінен айырмашылығы ҥлкен, ҿзіндік мҽдениеті 


50 
мен ҽдет-ғҧрыптары бар, ҽралуан халықтар мен тайпалардан қҧралды. 
Алтын Орда Берке-ханның (1256-1266 жж.) тҧсында дербес мемлекетке 
айналды. Ҿзбек ханның (1312-1342 жж.) жҽне оның мирасқоры 
Жҽнібектің (1342-1357 жж.) тҧсында толысып, қҧдірет-кҥшіне енеді. 
1312 жылы Ҿзбек хан исламды Алтын Орданың мемлекеттік діні деп 
жариялайды. 
Ақ Орда 
моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде Қазақстан 
аумағында жергілікті этникалық негізде қҧрылған алғашқы ірі 
мемлекеттік қҧрылым. Территориясы ҽуелгі кезде Жетісудың солтҥстік-
шығыс бҿлігі, Ертіс ҿңірі, Ҧлытау мен Кентауға дейінгі дала кірді. Саяси 
орталығы Сығанақ қаласы болды. Ақ Орда дербес мемлекет ретінде 
шаруашылық қайта тҥлеп жаңғыра бастаған, жергілікті тҥрік жҽне 
тҥріктенген ақсҥйектер рҿлі кҥшейген жағдайда қалыптасты. Бҧл
мемлекеттің саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін 
Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ҧзақ кҥреспен ҿтеді, 
кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласып кетеді, ал ҿз 
тарихының соңғы-тҥйінді кезінде Мауараннахр билеушісі Ҽмір Темірдің 
басқыншылығына қарсы кҥреседі. Ақ Орда ХІV ғ. 60-70 жж. Орыс 
ханның билік қҧрған кезінде кҥшейеді жҽне Темірдің жаулаушылығына 
қарсы кҥрестің негізгі ауыр салмағы соған тҥседі. ХІV ғ. аяғы мен ХУ ғ. 
бас кезінде Темірдің басқыншылық соғыстары мен ішкі талас-тартыстан 
Ақ Орда ҽлсіреп қалады. 1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ 
біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы ҿз ҽулетінің билігін қалпына келтіреді. 
Бірақ ол кҿп ҧзамай қаза табады, осыдан кейін Ақ Ордадағы билікті 
Шайбан ҧрпағы Ҽбілқайыр басып алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет