Негізгі әдебиет:
1. Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу
тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б.
Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
2. Толеубаев, А.Т. Раннесакская шиликтинская культура: научное издание /
А. Т. Толеубаев. – Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. – 528 б.
3. Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 б.
4. История древнего Казахстана / Под ред. Байпакова К.М. – 2-е изд. –
Алматы: Рауан, 1996. – 112 б.
5. Исмагулов О., Исмагулова А. Происхождение казахского народа. По
данным физической антропологии. – Алматы, 2017. – 196 б.
6. Харари Ю.Н. Sapiens. Адамзаттың қысқаша тарихы. – Алматы.: (Ұлттық
аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 368 б.
7. Китов Е.П., Тур С.С., Иванов С.С. Палеоантропология сакских культур
Притяншанья (VIII – первая половина II века до нашей эры). – Алматы: «Хикари»,
2019. – 300 б.
Қосымша әдебиет:
1. Акишев А. «Искусство и мифология саков». ҚазКСР Тарих, археология
және этнография институты, «Ғылым» баспасы, Алматы, 1984. – 176 б.
2. Акишев К.А., Кушаев Г.А. «Древняя культура саков и усуней долины
реки Или». – Алма-Ата: ҚазССР ҒА баспасы, 1963. – 298 б.
3. Ахинжанов С.М., Макарова Л.А., Нурумов Т.Н. «К истории скотоводства
и охоты в Казахстане». – Алма-Ата: «Ғылым», 1992. – 217 б.
4. Исмагулов О., «Этническая антропология Казахстана: (Соматол. исслед.)
– Алма-Ата: Наука, 1982. – 231 б.
5. Маргулан А. Х., Акишев К. А., Кадырбаев М. К., Оразбаев А. М.
«Древняя культура Центрального Казахстана». – Алма-Ата: Наука КазССР, 1966.
– 435 б.
6. Самашев З. Берел. – Алматы: Таймас, 2011. – 236 б.
7. Омаров Ғ.Қ. Сақ-скиф археологиясы: хрестоматия. – Алматы: Қазақ
университеті, 2021. – 342 б.
Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
8. Ежелгі Үйсін елі. Қытай деректері мен зертеулер. Құрастырушы: Ш.
Ахметұлы. – ҚХР Үрімжі, «Шыңжаң Халық Баспасы», 2005.
2-блок. Түркі өркениеті және Ұлы дала
Моңғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың
этномәдени интеграциясы кезеңдері.
Көне түркі кезеңіндегі көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің
дамуы. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері. Түркілердің шығу тегі
мәселесі. Мекендеген аумағы. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және
саяси тарихы. Көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынас: Византия,
Сасанидтік Иран, түркі-соғды синтезі, эфталиттер мемлекеті. Батыс Түрік
қағанаты («он оқ»): құрылуы, аумағы, этникалық құрамы. Әлеуметтік-
экономикалық даму. Саяси тарихы. Тан империясымен қарым-қатынас. Түргеш
мемлекетінің құрылуы және нығаюы. Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы араб-
қытай қайшылығы. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас (751 жыл). Жетісу
аймағындағы билігінің күшеюі. Түркі-соғды мәдени синтезі. Қарлұқтар туралы
тарихи деректерден алынған мәліметтер. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы:
құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. Қарлұқ
тайпаларының қоныстану аумағы және тайпалық құрамы. Мемлекеттің
экономикалық және мәдени өміріндегі қалалардың рөлі. Исламның енуі және
түркілердің мұсылман әлемімен халықаралық байланысы. Түркілер арасында
қожалардың пайда болуы.
ІХ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы.
Сырдария бойындағы жабғу мемлекеті. Ауызша тарих және археологиялық
деректер. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ
халқының этногенезіндегі рөлі. Қимақтардың мемлекеттік құрылымындағы
ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің сабақтастығы. Ортағасырлық
Қазақстан аумағындағы Қараханидтер. Араб және парсы деректеріндегі
Қараханидтер туралы мәліметтер. Қараханидтер мемлекеттілігі түркі
мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі ретінде. Исламды қабылдау және
Қараханид мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны. Сауда-экономикалық және
мәдени байланыстардың ерекшеліктері. Орталық Азияның халықаралық
қатынастар жүйесіндегі Қараханидтер мемлекетінің рөлі. Қарақытайлардың
басып кіруі және олардың Жетісу мен Мәуереннахрға билік құруы. Қыашақтар
Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
туралы нарративті мен шежірелік дерек мәліметтері. Қимақтар мемлекетінің
ыдырауы. Көшпелі тайпалардың көші-қоны. Қыпшақтардың шығу тегі мен
этникалық тарихы мәселелері. Қимақ, қыпшақ, кумандардың үштік этникалық
триадасы.Тайпалардың көші-қоны және олардың этникалық процестерге әсері.
Қыпшақтардың саяси гегемониясының таралуы. Түркі көшпелі мемлекеттік және
әлеуметтік-мәдени дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде Қыпшақ
хандығының құрылуы. Қыпшақтардың қимақ, қидан, оғыз, хорезмшах, орыс
княздықтарымен байланысы. Орталық Азия кеңістігіндегі түріктердің әскери
салтанаты кезеңі. Қыпшақтардың тілі мен әдеби ескерткіштері. Найман, керейіт,
меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері. Этникалық тарих және
тілдік тиістілік мәселесі (моңғол және түркі тектес ұғымдар).
Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. Көшпелілер («қала-дала» жүйесі)
және отырықшылар: екі шаруашылық-мәдени типтерінің өзара қарым-қатынасы.
Қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер
орталықтары ретінде. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет
ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі.
Ұлы жібек жолындағы қазақстандық трассалар. Ақша айналымы. Ұлы Жібек
жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік
белгісі ретінде. Ежелгі нанымдар мен культтер, буддизмнің таралуы,
несторианизм, манихейизм және Жібек жолындағы басқа да автохтонды емес
діндер. Түркі әлемінің исламға кірігу жолдары мен формалары. Түркі-ислам
синтезінің қалыптасуындағы Қ.А. Ясауидің рөлі. Түркі мәдениетіндегі ауызша
дәстүр. Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ.А. Ясауи.
Ұлы Дала Алтын Орда кезеңінде (XIII-XV ғасырлар)
Алтын Орданың тарихы. Шыңғыс хан және Моңғол империясының
құрылуы. Шыңғысханның Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы.
Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы туралы ортағасырлық
деректер мен зерттеулер. Қазақстан үш моңғол ұлысының құрамында. Бату
ханның Шығыс Еуропаға жорығы. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде
құрылуы: территория, этникалық процестер, мәдени симбиоз. Ұлыстық жүйенің
дамуы. Алтын Орда билеушілері. Өзбек ханның империялық саясаты. Ислам
дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдануы. Египеттегі Мамлюк сұлтанатымен
дипломатиялық байланыстар орнату, ортағасырлық әлемдегі империяның
Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
беделінің өсуі. Әмір Темірдің Алтын Ордаға жорықтары. Еуразиядағы оба
пандемиясы. Алтын Орданың әлсіреуіне және ыдырауына әкелген сыртқы және
ішкі факторлар кешені. Ұлыстар арасындағы күрес. Шағатай мемлекетінің
құрылуы.
Ортағасырлық мемлекеттер, XIV-XV ғасырлардағы Ақ Орда мемлекеті (XIII
ғасырдың соңы – XV ғасырдың басы). Шыңғыс әулеттерінің Сырдария өңірі үшін
бәсекелестігі. Орта Азиямен және Хорезммен байланыстары. Сырдарияның орта
ағысы бойындағы өңірлер мен қалалар үшін Мәуереннахрлық билеушілермен
күрестер.
Моғолстан (XIV ғасырдың ортасы – XVI ғасырдың басы). Мемлекеттің
құрылуы. Аумағы мен этникалық құрамы. Шағатайлықтырдың және қоныс
аударған моңғолдардың ұрпақтарының исламға бетбұруы, Жетісудағы мұсылман
мәдениетінің жандануы. Моғолдардың Мавераннахр шағатайлықтарымен қарым-
қатынасы. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің одағы Әмір Темірдің
мемлекетінің экспансиясына қарсы күресі. Моғолстанның Темір мемлекетіне
вассальдық тәуелділігі. Мухаммад хан тұсындағы биліктің нығаюы. Уәйіс хан
және оның ұлдары Есенбұғы мен Жүністің таққа таласы. Ойраттардың
Моғолстанға жорықтары. Моғолстанның әлсіреуі және құлауы.
Көшпелі өзбектер мемлекеті (1428-1468 жылдар) немесе Әбілқайыр хан
мемлекеті. Аумағы және этникалық құрамы. Әбілқайыр ханның билікке келуі.
Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресі. Әбілқайыр ханның Орта Азияға соғыс
жорықтары. Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Әбілқайырдың
ойраттардан жеңілуі (1457 жыл). Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі
(1457 жыл). Хандықтың ыдырауы.
Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының
билеушілері. Би және мырза лауазымдары. Ноғай Ордасының көршілес
мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар,
мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.
Сібір хандығының аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір
хандығының құлауы. (XV ғасырдың соңы – XVI ғасыр).
Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының
өркендеуі, Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени
даму деңгейі туралы жаңа археологиялық ашылымдар.
Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері
Қазақ халқы қалыптасуының тарихи алғышарттары. Қазақстан аумағындағы
этникалық үдерістер. Монғолдар үстемдігі кезеңінен кейінгі халықтың
қалыптасуы. Этникалық аумағының және бірыңғай тілдің қалыптасуы.
Шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттің ортақтығы.
Мемлекеттің құрылу факторы және оның этникалық үдеріске ықпалы. «Өзбек»
және «қазақ» ұғымдарының арақатынасы. «Қазақ» терминінің әлеуметтік,
этникалық мәні мен мазмұны. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және
шаруашылық факторлардың әсері. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің пайда болуы.
Қазақ хандығы XV-XVI ғасырлар.
Қазақ хандығы дәуірінің кезеңделуі. Қазақ хандығының құрылуы, оның
барысы және негізгі оқиғалары. Керей мен Жәнібек хандардың рөлі. Қазақ
хандығы құрылуының тарихи маңызы. Қазақ хандығының күшеюі. Бұрындық хан
тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін
күресі және оның барысы, қорытындысы.
Қазақ хандығының XVI ғасырдың басындағы әлеуметтік-экономикалық
және саяси жағдайы. Ру-тайпалық құрамы. Шаруашылығы: мал шаруашылығы,
егіншілік, қалалары, саудасы. Сырдария жағалауындағы жерлердің саяси және
экономикалық маңызы. Мұхаммед Шайбанидің Қазақ хандығына қарсы
жорықтары. Шайбани ханның қаза табуы.
Моғолстанның саяси негіздерінің әлсіреуі. Қазақ хандығының Орталық
Азиядағы ең күшті мемлекеттердің біріне айналуы. Жетісудың Қазақ хандығы
аумағына қосылуы. Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.
Шайбанидтердің Қазақ хандығына қарсы жорығы. XVI ғасырдың орта тұсына
қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу кезеңі. XVI ғасырдың екінші
жартысындағы Қазақ хандығы. Тақ үшін күрестер және олардың салдары.
Мамаш, Тахир хандар. Қазақ хандығының Моғолстанмен өзара қарым-
қатынастары. Ахмет, Тоғым және Бұйдаш хандар. Қазақ-ноғай қатынастары.
Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай
қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ
хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар
Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
ханның қаза табуы. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр
аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы
қалыптасуының аяқталуы.
Қазақ хандығы XVII – XVIII ғасырдың басында
XVI ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайы. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі. Қазақ және
Бұхар хандықтары арасындағы қарым-қатынастар. Жоңғар хандығының пайда
болуы, алғашқы қазақ-жоңғар қатынастары. XVII ғасырдың екінші жартысындағы
қазақ-жоңғар қатынастарының сипаттамасы. Қазақ қоғамында батырлар мен
билер ықпалының өсуі. Жәнібек хан. Орбұлақ шайқасы. Жәңгір хан тұсындағы
Қазақ хандығы.
«Белгісіз жылдар» кезеңі. 1652-1680 жылдар. Сайрам соғысы.
Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Қазақ-жоңғар қатынасында
шиеленістің күшеюі. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». Билер институты. Қазақ
мемлекетінің сыртқы саясаты мен дипломатиясы: Мавераннахрмен (шейбанидтер,
аштарханидтер), Иранмен байланыс, Осман империясымен байланыс орнату
әрекеттері, қазақ-орыс байланыстары.
Қазақтардың XIV – XVIII ғасырдың басындағы мәдениеті
Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті. Көшпелі шаруашылық
түрлері, олардың ерекшеліктері. Еңбек құралдары. Қарулар. Қолөнер және үй
кәсіпшілігі. Сауда және сауда жолдары.
Қазақ халқының рухани мәдениеті. Орталық Азия сунниттік-ханафи мектебі
шеңберінде қазақ-мұсылман діни дәстүрін қалыптастыруды аяқтау. Қазақтар
арасындағы Құран мен Сүннеттің беделі. Ежелгі тәңірлік жәдігерлері, Наурызды
сақтау және оның көшпелі өмір салтына бейімделуі. Қазақ хандығының рухани
өмірі мен идеологиясындағы Ахмет Ясауи кесенесі мен қасиетті Түркістан
қаласының рөлі.
Поэзия мен шешендікке табыну, қазақтардың ауызша-вербальды мұрасы.
Қазақстанның қалалық мәдениеті. Қала мен даланың өзара байланысы.
Қазақстанның түрлі аймақтарындағы қалалардың құрылымы. XVII ғасырдағы –
XVIII ғасырдың басындағы қалалық мәдениеттің құлдырауы.
Редакциялау күні
13.12.2022
Сақтау күні
12.11.2023
Дата редакции
13.12.2022
Дата скачивания
12.11.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Жазбаша
тарихнама. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің
аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |