«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ 6
графикалық түрде жазып алу тәсілі. Жазып алатын аппарат
электрокардиограф деп аталады. Қағаз лентаға графикалық сызба
түрінде алынған мәлімет электрокардиограмма деп аталады.
Қозудың жұмыс миокардының аса көп жасушаларын қамтуы
осы жасушалардың бетінде теріс зарядтардың пайда болуын
тудырады. Жүрек қуатты электр генераторына айналады. Жоғары
электрлік өткізгіштігі бар дене ұлпалары жүректің электрлік
потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің
электрлік белсенділігін зерттеудің В. Эйтховен, А.Ф. Самойлов,
Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және т.б. ұсынған осындай әдістемесі
электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның көмегімен
тіркелетін қисық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады.
Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын
бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын
жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған
диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы
құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар
электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы
қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі
және алыстағы зерттелетін объектіден ЭКГ жазатын құралдар
жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар деп аталады
және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа
тарату принципіне негізделген.
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам
денесінің өзіндік бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған
(-) және қозбаған бөліктері арасында пайда болатын электрлік
күштік сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды. ЭКГ- ны
тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың
тіркелімі (тармағы) жүргізіледі. Әдетте үш түрлі стандартты