Компанияның тәуекелді басқару жүйесін дамыту



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата25.11.2023
өлшемі0,76 Mb.
#127861
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Компанияның тәуекелді басқару жүйесін дамыту

Тәжірибелік бөлім
Кәсіпорындағы тәуекел деңгейін төмендету – шығындар 
көлемі мен ықтималдылығын азайту болып табылады. 
Компанияның жобалық қызметі тәуекелмен өте тығыз бай
-
ланысты қызмет түрі. Нарықтық экономика жағдайында өмір 
сүру үшін кәсіпкер батыл әрі жаңа істер атқаруы тиіс. Ал, бұл 
өз кезінде тәуекелді одан әрі арттырады. Сондықтан нарықта 
жақсы нәтижеге жету үшін тәуекелдің деңгейін бағалап, басқара 
білу қажет. Жапондық менеджерлердің пікірінше «дәлдік – 
патшалардың сыпайылығы, ал жуықтылық одан арзанырақ 
түседі». 
Тәуекелді басқару мақсаты тәуекел жағдайын 100% жою 
емес, тәуекел жағдайын күтпеген кездейсоқ пайда болатын 
шығындар деңгейін төмендету болып табылады. Ол үшін ал
-
дымен инновациялық жоба тәуекелін жіктеп алуымыз ке
-
рек. Қазіргі күні бұл мәселені зерттеуші ғалымдар арасында 
инновациялық жоба тәуекелін оңтайлы жіктеу жүйесі ғана 
емес, тіпті бұл жіктеме дербес жүйе ретінде әзірлену керек пе, 
немесе оған негіз ретінде инновациялық жоба ерекшелігіне 
байланыссыз жасалған тәуекелдің жалпы, әмбебап жіктемесі 
алынады ма, осы мәселелерге қатысты ортақ көзқарас жоқ [2].
КОМПАНИЯНЫҢ 
ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ 
ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ


ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. №5 (117). 2016
194
Компанияның тәуекелді басқару жүйесін дамыту
Нәтиже және талқылау
Тәуекелдерді басқару жүйесін (ары қарай 
ТБЖ) енгізу мен жетілдіру компанияның стра-
тегиялық және операциялық мақсаттарына қол 
жеткізуінің қажетті шарты болып табылады әрі 
жақын келешектегі маңызды міндеттердің бірі. 
ТБЖ негізгі мақсаты – қатерлер мен мүм-
кіндіктерді басқарудың тиімділігін арттыру бо
-
лып табылады, бұл капиталдандыруды арттыру 
процесіне ықпал етуі тиіс. 
Компанияда тәуекелдерді басқарудың корпо-
ра тивтік жүйесін енгізу қажетті инфрақұрылым 
мен мәдениетті белгілеу мен дамытуды көз-
дейді, қызметтің барлық бағыттарына, функ -
цияларына немесе процестеріне тән тәуекел дер -
ді сәйкестендіру, талдау мен бағалау, мо ни то-
рингілеу, бақылау мен басқарудың логи калық 
және жүйелі әдістерін қолдануды қам тиды. 
Тәуе келдерді басқару тұрақты, динами калық жә-
не үздіксіз процесс болып табылады және мы на 
сұлбаға сәйкес компонеттерден тұрады (1-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет