Қазақтан республикасы білім және ғылым министрлігі


Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде



Pdf көрінісі
бет38/83
Дата25.11.2023
өлшемі1,27 Mb.
#128105
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83
4.2 Тұлғааралық қарым-қатынас тұлғалық дамудың негізі ретінде 
Тұлға

жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын 
ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын
ұғым. Адамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенд
іқызмет етумен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне 
енгізудің нәтижесі. 
Қарым-қатынассыз адамның жекелеген психикалық қызметтерінің, үдерістермен 
ерекшеліктерінің, жеке тұлғаның және тұтас қоғамның толыққанды қалыптасуы мүмкін 
емес. 
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық 
ерекшелігін сезінетін субъект.Тұлға адам ұғымынан гөрі нақтымағынаға ие. Өйткені адам 
тұлғалық сипатты иелену үшін өз «Менің» өзге «Меннен» ажыратып, есейіп, өз бетінше 
дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-
көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымымен сенімі бар адамды тұлға деп 
атайды. 
Тұлғааралық қатынас -
әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас 
ерекшеліктерімен өзгешеленеді. 
Тұлғалық белгілер-
адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық 
және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы 
қалыптасатын психофизиологиялық жүйе.Тұлғалық белгілер теориясы негізінде «тұлғаның 
ерекшелік белгілері» деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы 


56 
дамыды. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын
қарастырады. 
Тұлғаның бағыттылығы 
- тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын жәненақты бар 
жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі - ниеттер жиынтығы.Тұлғаның бағыттылығы 
оның мүдделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар 
арқылы адамның дүниетанымы білінеді. 
Тұлғаның дамуы білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны
қоғамдық өмірдің әртүрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке 
адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зиятты, ақыл-ойы, еркі, сезімімен оңтайлы 
логикалық-эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.
Тұлғааралық қатынастарда адамдардың өзара әрекететуіне: 
1)
адамдардың бірін-бірі түсінуі мен қабылдауы; 
2)
тұлғааралық тартымдылық; 
3)
өзара әрекетпен мінез-құлық жатады. 
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасқа түскенде, оның бір-біріне деген әртүрлі
көзқарастары сезімдер негізінде қалыптасады.Тұлғаның эмоциялық көріністерінің үш 
деңгейін бөліп қарастырады: аффектілер, эмоциялар менсезімдер. Тұлғааралық қарым-
қатынаста осылардың бәріде көрініс бергенімен, көбінесе сезімдерге баса көңіл аударылады, 
олардың өзін екі топқа бөліп қарастыру қабылданған: 
1.
Конъюктивті–адамдарды жақындататын, біріктіретін, бірлескен іс-әрекетке 
итермелейтін сезімдер; 
2.
Дизъюнктивті – адамдарды бір-бірінен аластататын, бірлескен іс-әрекеттен 
қашқақтататын сезімдер. 
Тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеуде американ психологы Дж.Морено (1958) 
ұсынған социометрия әдісі кең қолданылады. Социометрия негізінде нақты іс-әрекет 
кезіндегі шағын топтың қарым-қатынасын (жақтыру, жақтырмау) анықтауға болады. Тұлға 
өзін басқа тұлғалармен қарым – қатынаста анық көрсететіні белгілі. С. К. Рощиннің 
пікірінше, тұлғаның қарым-қатынас барысында субьектінің қолайсыз немесе жағымсыз өзара 
жеке ерекшеліктерін (әрекеттері, әдеттері, мінез-құлық тәсілі, ойлау стереотипі) қандай 
дәрежеде көретінін (шыдайтынын) көрсететін коммуникативтік төзімділік болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет