Тұжырымдар баяндалады. Тарихи ойдың дамуы үдерісіндегі түркі кезеңінде пайда болған «Ақиқат сыйы» еңбегінің дерек ретінде пайда болу объективтілігі және сақталу формасы қарастырылады


Ахмедтің адам бойындағы қасиеттер ту-



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата26.11.2023
өлшемі378,78 Kb.
#128299
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Без названия

Ахмедтің адам бойындағы қасиеттер ту-
ралы ойлары
Ахмед дүниеге қызығушылық, жомарттық 
пен сараңдық, игі мінез бен жарамсыз қылық 
туралы да өз ойын білдірген. Адамның даңқын 
асырып, құрметке бөлейтін әрекеті оның 
жомарттығы деп білген. Қазақ халқы қолы ашық, 
жетім-жесірлерге демеуші болып жүретіндерді 
«Атымтай Жомарт» деп атаған. Мұндай адам
-
дар біздің де қоғамда бар, алайда көп емес. 
Дегенмен дер кезінде кедей-кепшікке, кем-
кетікке көмекке келетін жандарды бұқаралық 
ақпарат құралдары арқылы танып, біліп жата
-
мыз. Кеңестік кезеңдегі «адам адамға дос, ба
-
уыр» деген тәлімді сөздерді жиі айтқанымыз 
жөн. Қайырымдылығымен қатар қатыгездігі 
қатар заманда жомарт адамдардың қол созуы 
– игі әрекет. Ойшыл жомарт адамдарға пәле-
жала жоламайды, кемшіліктері көрінбей қалады, 
сондықтан да сондай болуға асығу керек деген 
ойын былай жеткізген:
«Әр тілде бәрі мақтан асырады,
Айыбын жомарт жанның жасырады.
Бол жомарт – жуымайды пәлендей сөз, 
Ол өзі жаман сөзді қашырады» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 395). 
Жомарттықпен қатар жүретін сараңдық еш-
қашан жақсы абырой, атақ әкелмейтіндігін, 
оның жинаған байлығының берекесіздікке ұшы-
райтындығын ескерткен ойшылдың ойлары өз 
мәнін жомақ емес. 
«Жинайды бақыл байлық талмай шіркін,
Қалып-ақ жаман атқа дүркін-дүркін.
Арам мал жұрт қолында таратылып, 
Жөнелер өкінішпен сүйтіп бір күн» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 39) 
Ахмедтің ойын қазіргі бай-бағландар көкей-
леріне түйіп жүрсе, барымен қажет жағдайларда 
бөлісіп жатса, нарықтық қоғамдағы әлеуметтік 
теңсіздіктің алшақтығы білінбегендей болар еді.
Осындай қасиеттермен қатар еңбегінде 
ойшыл кішіпейілділік, тәкаппарлық туралы 
жазған. Кішіпейілділікті пайғамбардың «Алла 
кішіпейілдінің абыройын асырады, тәкаппардың 
құтын қашырады» деген сөзімен сабақтай оты
-
рып, ұрпағына арнап: 
«Тағы бір керекті сөз – айтам дастан,
Ұғып ал құлақ салып мендей достан.
Болып ал кішіпейіл өзгерместей, 
Аластап тәкаппарлық ойды бастан» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 39), – 
деп жазған. Сонымен қатар ойшылдың дүние-
қорлық, ашкөздік, мейірбандық, жамандық, 
ашу, ақыл, сабырлық, достық туралы өз ойын 
анық білдірген. Оларды заманауи жастарды 
тәрбиелеуде құрал етіп пайдалану міндетіміз. 
Бұл қасиеттерге жастарды отбасынан бастап 
көкейлеріне құяр, осыған ұқсас кітаптарды 
көбірек оқытар болсақ, қоғамдағы келеңсіз жайт
-


ISSN 1563-0269 Journal of history. №4 (87). 2017
39
Мұхатова О.X.
тар азаяр еді. Ойшыл жақсылық пен жамандықты 
айта келіп, еңбегін аяқтаған. Олардың аражігін 
айырып, санамызға тоқуды өзімізге қалдырған. 
«Соған орай жаздым кітап, ақыма:
Қаласаң – ал, қаламасаң – оқыма!
Әдиб сөзін кім түсініп, қаласа,
Ел ішінде сыйлы болар сол аса!» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 401), – 
дегені соның айғағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет