10.
Сөйлеутілкемістіктеріненалдыналусақтандырутәсілдерінтолықжетілдіру;
11.
Логопедиялық жәрдемді ұйымдастыру мәселесін жеке зерттеу.
Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі
жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру болып табылады.Оған бөгет
болатын жағдайлар,өбіріншіден тіл кемістіктерінің коптеген түрлерінің кездесуі және
олардың нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде кездесуі. Осының бәрі тіл кемістіктерін
ғылым жүзінде дәлелдеп топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сол, егер тіл
кемістігінің бір түрі бірнеше себептердің салдарынан болса, тіл кемістігінің бірнеше түрі
пайда болуы мүмкін.Сонда тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен
қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін.Соған байланысты олар логопедияда өзіндік
белгілеріне байланысты белгілі терминдермен нақты белгілінеді.
Жалпысөйлеутілініңдамымауы алалия,афазия,ринолалия,дизартрия сияқты күрделі
сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады.Баланың сөйлеу тілінің бұзылуын
анықтап,зерттеп отырып онымен түзету –тәрбие жұмысы жүргізген дұрыс.Дәл уақытында
қолайлы жағдай жасай отырып баланың тілінің дұрыс дамуына бағыт бергенжөн.
Баланың тамаша сезімімнің дамуын тек қана дыбыс үндестігін айтуды пайдалана
білуімен шектестіріп қоймай, оны мәнерлі сөйлеуге үйретіп отырған жөн.Тіл кемістігі
көбінесе мектеп жасына дейінгі балаларда кездеседі. Тіл кемістігін уақытында жоймаса,
ол барған сайын ұлғайып, нығаяды да баланың дұрыс сөйлеуіне кесірін тигізеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде сөйлеу тілі өте –мөте қарқынды дамиды.Бала 2
жастан бастап енжар және белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды және
грамматикалық құрылымдағы сөйлемдерде меңгереді.
2 жасында -300-400
3 жасында -1000-1500
4 жасында -1600-1800
5 жасында-2000-2300
6 жасында-3000-3500 дейінсөздікқорыболады.
Сөйлеу тілінің кеңеюі тәрбиенің барысында, бала мектепке барар алдында тілін
грамматикалық
зандылығын
меңгеріп,
байланыстырып
сөйлеу
дағдысын
игереді.Сондықтан да бұл кезеңде баланы ерекше қамқорлық қажет.
Достарыңызбен бөлісу: