Жауабы: Цис-құрылымында радикалдар
байланыстың бір
жағында орналасқан (C-N) және радикалдар арасында бұрыш
пайда болады
178.
Транс құрылымында радикалдар қалай орналасады?
Жауабы: Транс-құрылымда радикалдар (С – N) байланыстың
қарама-қарсы жағында орналасқан
179.
Номекс дегеніміз не? Кевларға қатыстылығы қандай?
Жауабы: Кевлар материалы – пара-армид. DuPont компаниясы
сонымен қатар мета-арамид өндіреді. Оның нарықтағы аты –
Номекс. Ол отқа төзімді әрі берік зат. Номекс
пен кевлар
қоспасын отқа төзімді киімдер жасайды
БИОЛОГИЯЛЫҚ ЫДЫРАЙТЫН
ПОЛИМЕРЛЕР
180.
Поливинилацетат полимерін гидролиздегенде қандай
өнім аламыз? (Поливинилацетат пайдалы полимер болып
табылады)
Жауабы: Биологиялық жолмен ыдырайтын материал – поливинил
спирті алынады:
181.
Поливинил спиртінің құндылығы қандай?
Жауабы: Оның құндылығы – суда ерігіштігі. Поливинил спиртінен
жасалған ыдыстарды қайта кәдеге
жарату өте оңай
182.
Полисүт қышқылын қалай аламыз?
Жауабы: псҚ – алифатты полиэфир, оны сүт
қышқылын
поликонденсациялау немесе циклді димерлі лактидті полимерлеу
арқылы алады:
183.
Достарыңызбен бөлісу: