Жауабы: Ең белсенді өршіткі – платина. Бірақ ол қымбат әрі өртелген
газдың қоспасымен, әсіресе мышьякпен тез уланатындықтан
қолданыстан шығып қалды
65.
Күкірт қышқылын өндіруде негізгі қолданылатын өршіткі қандай?
Және не себепті?
Жауабы: Ванадий өршіткісінің белсенділігі төмендеу (платинаға
қарағанда), бірақ арзан әрі мышьяк қосылыстарымен улануы 1000 есе
кем. Сондықтан күкірт қышқылын өндіруде өршіткі ретінде ванадий
қолданылады
66.
Кәдімгі ванадийлі өршіткі қандай болады?
Жауабы: Кәдімгі ванадийлі өршіткі – кеуекті таблеткалар немесе сақина
тәрізді түйірлер күйінде болады
67.
Күкірт қышқылын пириттен өндірудің үшінші сатысы қалай жүреді?
Жауабы: Сіңіру мұнарасында SO₃-тің күкірт қышқылына сіңірілуі жүзеге
асырылады:
68.
Күкірт (VI) оксидінің концентрлі күкірт қышқылындағы ерітіндісі не
деп аталады?
Жауабы: Олеум деп аталады
ҚЫШҚЫЛДЫҚ ЖӘНЕ НЕГІЗДІК ТЕОРИЯЛАР
69.
Диссоциациялану константы қандай заттарға тәуелді?
Жауабы: Еріткіш табиғатына, электролит табиғатына және
температураға тәуелді
70.
Бренстед-Лоури теориясы бойынша қышқыл?
Жауабы: Қышқыл – протон бере алатын, яғни донор болуға қабілетті
молекулалық бөлшектерден тұратын кез келген зат
71.
Достарыңызбен бөлісу: