Аралық бақылау тапсырмасы 6В01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін дайындау» мамандығы бойынша


 Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата27.11.2023
өлшемі6,34 Mb.
#128654
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Открыть Байменова Динара Аралық бақалау ҚТӘ-23

1.2 Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі
 
Қазақ тіл білімінде термин, терминжасам заңдылықтарын қозғап, алғаш 
зерттеген Алаш зиялылары болды. Ең алдымен алаш ғалымдары терминдерді 
жат сөздер мен пән сөздер деп атады. Олардың өзіндік ұстанымдары, талаптары 
болды. Алғашқы талап- терминдерді қазақ тілінің байырғы сөздерінен жасау. 
Екінші талап- тілде баламасы жоқ шетел терминдерін жатырқамай қабылдау, 
бірақ шетел терминдерін қазақ тілінің дыбыстық заңдарына сәйкестендіріп алу .
Тіл, термин мәселесі алғашқы Қазақ білімпаздарының сьезінде 
талқыланды. Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезі 1924 жылы 12-17 маусым 
аралығында Орынбор қаласында өткен ғылыми жиын. Аталған жиын қазақ тілі 
мен әдебиетінің ғылыми жүйесі , әсіресе әліпби, орфография, терминология, 
оқыту әдістері, ономастика және т.б салалар бойынша маңызды қаулылар 
қабылданды. Бұл жиынға әр түрлі қауымнан зиялы ғалымдар қатысты. Олардың 
қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Н. Төреқұлов, Х. Досмұхамедов, 
К.Аспандияр, Е.Омаров, М.Дулатов, М.Тұрғанбаев сынды ұлы зиялылар болды. 
Бұл жиында Елдес Омарұлы “Қазақша пән сөздер” атты баяндама жасады. 
«Елдің мәдениетін өркендету үшін қолдан келетұн шаралардьң ең маңыздысы 
басба сөз»-деп, басба сөз, жат сөздерге тоқталып, өз ұсынысын тастады. Х. 
Досмұхамедов, М. Тұрғанбаев, Н. Төреқұлов сынды зиялылар пікір білдірді. 
Орынборда қазақ білімпаздарының тұңғыш съезі өтті. Съезде жазу 
ережелері, әліпби, термин сөздер, оқу бағдарламалары, оқу кітаптарын дайындау, 
мұғалімдер даярлау мәселелері қарастырылды. Съезге Ә. Бөкейхан, 
А.Байтұрсынұлы, Х. Досмұхамедұлы, М. Дулатов, Н. Төреқұлұлы, Е. Омарұлы, 
Т. Шонанұлы, М. Тұрғанбайұлы, М. Саматұлы сияқты Алаш зиялылары қатысты. 
Негізгі баяндамаларды А. Байтұрсынұлы, Е. Омарұлы, Н. Төреқұлұлы жасады.
Бұл съез қазақ тілінің жазу ережелерін жетілдірудегі, терминологияны 
қалыптастырудағы маңызды қадам болды. А. Байтұрсынұлының Орынборда 


5
«Әліппе астары», Қызылордада «Тіл – құрал түрлері» атты еңбектері жарық 
көрді. «Еңбекші қазақ» газетінде М. Дулатовтың «Әліппе мен жазу ережелері 
туралы» атты мақаласы жарық көрді. «Еңбекші қазақ» газетінде Ж. 
Аймауытұлының «Жазу мәселесі туралы соңғы сөз», «Жазу таңбаларымызды 
азайту туралы жоба», «Қазақ тілін жүргізу қазақша оқуда» атты мақалалары 
жарық көрді. «Ақ жол» газетінде Х. Досмұхамедұлының «Қазақ тіліне латын 
харфін 
алу 
мәселесі» 
атты 
мақаласы 
жарияланды.
М. Жұмабаевтың ұйымдастыруымен Алаш қайраткерлері «Алқа» әдеби 
ұйымының бағдарламасын дайындады. «Таң» журналы шыға бастады. 
Редакторы – М. Әуезов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет