Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы



Pdf көрінісі
бет11/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы.
Білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық 
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды 
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім 
алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 3-бабында білім 
беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері анықталады: 
-
баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 
-
білім беру жүйесін дамытудың басымдылығы; 
-
әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және 
жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге 
қолжетімдігі; 
-
білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, 
азаматтық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның 
еркін дамуының басымдылығы; 
-
адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу; 
-
жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын 
дамыту; 
-
білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру 
процесінің үздіксіздігі; 
-
білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі 
қызметінің ашықтығы. 
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту 
тұжырымдамасы білім беруді жалпы ұлттық басымдық белгі ретінде белгіледі 
және мемлекеттің ұзақ мерзімге арналған білім беру саясатын дамытудың 
негізін қалады, әрі заңнамаға, қаржыландыру жүйесіне, білім берудің 
мазмұнына, білім беру жүйесінің құрылымына, білім беруді басқару жүйесіне, 
кадрлық және әлеуметтік саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін 
негіз бола алды.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру 
кеңістігіне кезең-кезеңімен өтуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру 
әдіснамасының, құрылымы мен мазмұнының жағдайында өтіп жатыр.
Тұжырымдаманың 
мақсаты 
– 
әлемдік 
білім 
беру 
кеңістігіне 
ықпалдастырылған 
жеке 
тұлға 
мен 
қоғамның 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін 


10 
қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдылықтарды 
белгілеу.
Тұжырымдаманың міндеттері: 
-
білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде 
Қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік-
құқықтық базасын жетілдіру; 
-
білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын 
жаңарту; 
-
білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; 
-
білім беруді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру; 
-
кәсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика 
салаларын тартудың тетіктерін құру; 
-
әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасу. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы білім беру кезек күттірмейтін 
мәселе ретінде қарастырылады. 
Бағдарламаның басым бағыттары: 

мемлекеттің әрбір мүшесіне сапалы білім алуды қамтамасыз ету; 

қазақстандық патриотизм, толеранттылық, жоғары мәдениеттілікке 
тәрбиелеу; 

экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті, бәсекеге 
қабілетті кадрларды даярлау сапасын арттыру; 

білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру; 

білім берудің бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыру; 

білім беру, ғылым және өндірістің интеграциясы және т.б. 
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, ҚР білім беру жүйесі білім беретін оқу 
бағдарламаларының үздіксіздігі төмендегідей білім беру деңгейлерін қамтиды: 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 

Бастауыш білім беру; 

Негізгі орта білім беру; 

Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім 
беру); 

Орта білімнен кейінгі білім беру; 

Жоғары білім беру; 

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (2-сурет). 
Қазақстан 
Республикасындағы білім беру жүйесінің мазмұның 
анықтайтын құжаттар: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, 
тұжырымдамалары; оқу бағдарламалары; оқу жоспарлары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет