Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Кесте 14 - «Педагогикалық технология» ұғымдарына сипаттама



Pdf көрінісі
бет282/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Кесте 14 - «Педагогикалық технология» ұғымдарына сипаттама 
Реті 
Анықтама 
Автор 
2.1 
Педагогикалық технология – бұл біртұтас оқыту 
процесі мен білімді, техникалық және адам 
ресурсын, олардың бір-біріне өзара әсерін, білім 
берудегі формасын оңтайландыру міндеттерін 
ескере отырып, меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі 
әдісі 
ЮНЕСКО 
анықтамасы 
2.2 
Педагогикалық технология – оқушы мен ұстазға 
қолайлы 
жағдай 
тудырушы 
оқу 
процесін 
ұйымдастыруда бірлескен педагогикалық әрекетті 
жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі 
В.М.Монахов
2.3 
Педагогикалық технология – педагогикалық 
мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара, 
инструменталдық және әдістемелік құралдардың 
қолдану реті мен жиынтығының жүйесі 
М.В. Кларин
2.4 
Педагогикалық технология – білім беру мақсатын 
практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік 
беретін 
тәрбиелеу 
мен 
оқыту 
процесінің 
теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің 
жиынтығы 
В.П.Беспалько
2.5 
Педагогикалық технология – педагогикалық 
процесті ұйымдастырудың әдістемелік құралы; 
оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдері, құралдары, 
формаларын анықтайтын арнайы психологиялық-
педагогикалық құрылғылардың жиынтығы 
Б.Т. Лихачев
2.6 
Педагогикалық технология – бұл жеке тұлғаның, 
ұжымның даму динамикасын көруге, оның 
нәтижесін кезең-кезеңмен өлшеуге болатын және 
педагог пен оқушы тұлғасының өздігінен дамуына 
толықтай 
мүмкіндік 
жасайтын 
біртұтас 
педагогикалық процесс практикасында жүзеге 
асатын реттелген іс-әрекеттер жиынтығы 
Н.Д.Хмель
В.П. Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын 
педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырады: 


299 

Технология нақты күтілетін нәтижеге кепілдік беретін педагогикалық 
бағдар мен құндылыққа негізделеді. 

Технология жеке тұлғаның дара, дербес ерекшеліктерін ескеретін 
мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқан іс-әрекеттер қызметін 
көздейді. 
Педагогикалық технология

жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық 
мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара, 
инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен 
жиынтығының жүйесі, жобасы. 
Ғалым Л.А.Чепляева өзінің зерттеуінде оқыту технологияларын жүзеге 
асыруда тұлғаның төмендегідей сапалық ерекшеліктерін ұсынады: 

танымдық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері: ойлау, зейін, 
елестету, қабылдау, зерделеу, сөйлесу; 

жеке тұлғаның әлеуметтік типінің ерекшеліктері: жоғары нерв 
жүйесінің типі, темперамент, мінез, күш-жігер (интеллектілік, адамгершілік, 
мәдени, іскерлік және т.б.). 
15-кестеде «әдістеме» мен «технология» ұғымдарының салыстырмалы 
сипаттамасы берілді. 
Оқыту технологиясы оқыту әдісі мен ұйымдастыру формасын қамтитын 
дидактикалық негіз бен әдіс пен құралдарды қамтитын педагогикалық 
техникадан тұратын жүйе болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   278   279   280   281   282   283   284   285   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет