Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)


Сурет-44. Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы



Pdf көрінісі
бет90/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Сурет-44. Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы 
 
Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер 
іргелі

қолданбалы
және 
болжам-жобалау 
деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді (45-сурет).
Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, 
соншалықты практикалық қажеттілікке ие. Зерттеулер нәтижесінде түзілген 
тұжырымдамалар, алынған гипотезалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, 
бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделі орындалған ғылыми 
істердің теориялық маңызын ашады. Ал зерттеудің практикалық маңызы – жаңа 
ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында.
Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық 
жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам-
жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың модельдері ұсынылады.
Қолданбалы зерттеулер – бұл педагогикалық процестің кейбір тараптарын 
тереңдей тануға, алуан қырлы педагогикалық қызметтің заңдылықтарын ашуға 
бағдарланған істер.


98 
Болжамды жобалау – бұрыннан белгілі теориялық көзқарастарға 
негізделген нақты ғылыми-практикалық ұсыныстар дұрыстығын дәлелдеп, 
оларды практикалық айналымға қосу бағытында істелетін жұмыс. 
 
 
 
 
 
Сурет-45. Педагогикалық зерттеулердің түрлері 
 
Жеке тұлғаның дербес қабілеттерін ашуда педагогикалық зерттеулердің 
алатын орны ерекше. 
 
 
Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған
тапсырмалар 
 
1.
Педагогикалық зерттеулер. Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы. 
2.
Педагогикалық зерттеу әдісінің мақсаты, міндеті. 
3.
Педагогикалық зерттеудің түрлері: іргелі (фундаменталды), қолданбалы 
зерттеулер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет