Оқулық Тараз 019 Әож 37. (075)



Pdf көрінісі
бет95/304
Дата27.11.2023
өлшемі8,71 Mb.
#128809
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   304
Байланысты:
О улы Тараз 019 ож 37. (075) (1)

Микрофакторлар:
ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие 
орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум, 
яғни белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады. 
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына 
қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-
пікірінің, көзқарасының болуы, олардың құбылысқа деген көзқарасын, ой-
пікірін білдіруі заңды құбылыс. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды 
түсініп қабылдауы да әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, 
психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным.
Ойын
– бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-
құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімделіп, өзін еркін 
сезінуге үйретеді. Ойын – балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, 
мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. 
Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады. 
Баланың мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның қатынастарының 
барлық жүйесін жанамалай бастайды.
Оқу іс-әрекетінің
негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін 
меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру 
дағдыларына бой ала бастайды.
Адам іс-әрекетінің негізгі түрі 
– 
еңбек
болып табылады. Ал еңбек әрекетіне 
араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі – оның еңбекке қабілеттілігі, ал 
кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады
.
Іс-әрекет
– адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір 
формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының 
динамикалық жүйесі. Адам еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең 
алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті 
еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады. 
Еңбек – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу,
баулу және кәсіптік бағдар, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің,
азамат болып өсудің, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан


104 
қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Еңбекке тәрбиелеу
барысында еңбекке деген дағдыны, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін
жаппай іс-әрекеті түрінде байқалады. Еңбек дегеніміз – адамдардың 
материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім 
өндіруге бағытталған іс-әрекет. 
Ж 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет