1
“Бекітемін”
_____________________
Тарих-филология факультетінің деканы
ф.ғ.д., профессор Жарқынбекова Ш.Қ.
«____» ____________________ 2008 ж.
«
Психолингвистика
»
пәні бойынша
ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Мамандық: 050207 - Аударма ісі
АСТАНА - 2008
2
Пәнді оқытуда қолданылатын терминдердің
қысқаша сөздігі
Афазия –
(грек. aphasia) – адам миына зақым келу салдарынан пайда
болатын сӛйлеу қабілетінің бұзылуы.
Бихевиоризм –
(ағылшын behavior – мінез-құлық, тәртіп) тіл білімінде
психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні мен
қызметі туралы кӛзқарастар жүйесі.
Дизартрия –
афазиялық емес сӛйлеу ақауы. Дизартриядан басқа
афазиялық емес ақау түрлері: агнозия, апраксия, алексия,
аграфия.
Генеративті
лингвистика –
(лат. generativus – туындаушы) ХХ ғ. 50-60 жж. Н.Хомский
идеялары негізінде лингвистикада пайда болған формальді
бағыттың бір тармағы. Генеративті лингвистика тілді
формальді модель ретінде қарастырады.
Дискурс –
(фр. discours – сӛйлеу) экстралингвистикалық, яғни
парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық
факторлармен байланыста болатын мәтін.
Патопсихо-лингвистика
–
патологиялық ауытқушылардың әсерінен болатын сӛйлеу
процесіндегі ақаулықтарды, эмоционалдық кӛңіл-күйдің
әсерінің сӛйлеуге әсерді зерттейтін сала.
Символ –
(грек. symbol – танымдық белгі) белгілі бір нәрсені ӛз
қалпынан ӛзге жалпылама сипатында алып кӛрсетуден
туатын эстетикалық категория