Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет48/99
Дата06.01.2022
өлшемі1,94 Mb.
#12226
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99
ІІ. ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС 

ЖӘНЕ ТҮС ЖОРУ

1. Абылайдың түсі. Бұл аңызды О.Иманбаев ел аузынан 

жинап, машинкаға басып, ӘӨИ-дің Қолжазба қорына (Ш.613. 

3-дәп.) өткізген. Сол түпнұсқа негізінде әзірленді. Абылайдың 

түсі туралы аңыздың ел арасына кеңінен танылған әртүрлі 

нұсқалары кездеседі.

2. Абылай ханның түсі. Бұл алдыңғы аңыздың бір вариан-

ты. Бұл мәтін «Айқап» журналының 1912 жылғы №6 санында 

жарияланған. Осы түпнұсқа негізінде әзірленді.

3.  Абылайдың өз түсін жоруы. Аңыздың түпнұсқасы ОҒК-

ның Сирек қолжазбалар қорында «Абылай хан туралы әңгіме-




368

369


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

лер жинағы» атты бумада (Ш.829, 8-дәп.) сақтаулы. К.Қаңтар-

баев ел аузынан жинап, 1950 жылы қорға өткізген.

4.  Абдолла ханның түсі. Бұл аңызды Ж.Дәдебаев «Түс ая-

ны» жинағында (20-21-бб.) жариялады. Жинақтың түсінікте-

ме сінде аңыздың Хафиз-и Таныш Бухаридың «Шахтар тарихы» 

(Хафиз-и Таныш Бухари. Шараф-нама-ий шахи.—М., 1983. 

С.112-113) еңбегі бойынша берілгені туралы мәлімет бар. 

5.  Ақсақ Темір. Ақсақ Темірдің дүниеге келуіне байла-

ныс 


ты аңыздардың көптеген нұсқалары бар. Томға аңыз-

дың үш нұсқасы еніп отыр. Мәтіндер ӘӨИ-дің Қолжазба 

қорында сақтаулы (Ш.1206) қолжазбалар негізінде әзір лен-

ді. Қолжазбаны жинап, қорға тапсырған филология ғылым-

да ры ның кандидаты—Асқар Дүйсенбі. Осы нұсқа негізінде 

әзірленіп ұсынылды.

6.  Әмір Селжүктің түсі. Аңыз мәтіні «Түс аяны» жинағы 

негізінде (21-б.) ұсынылды. Жинақты құрастырушы Ж.Дәде-

баев мәтінді Садр ад-Дин Әли әл-Хусайнидің «Селжүк әмірлері 

мен патшалары туралы жылнамалар жинағы» (Садр ад-Дин Али 

ал-Хусайни. Акбар ад-Даулат ас-Сельджукийа.—М., 1980.С.24) 

еңбегінен алғанын түсініктемеде жазады.

7.  Баарин тайпасынан Хорчи Усун қарияның түсі. Бұл 

аңызды Ж.Дәдебаев «Түс аяны» жинағында (16-б.) жария ла ды. 

Түсініктемесінде мәтіннің «Моңғолдың құпия шежіре 

сінен» 


(монғолшадан аударған Мағауия Сұлтанияұлы.—Өлгий, 1979. 

50-51-бб.) алынғаны туралы мәлімет бар.

Томға алғашқы жинақ негізінде ұсынылды.

8.  Бабыр мырзаның Самарқанд қаласын алар алдындағы 



түсі. Аңыз мәтіні «Түс аяны» жинағы негізінде (17-б.) ұсыныл-

ды. Жинақты құрастырушы Ж.Дәдебаев мәтінді «Бабырнама» 

(Бабыр З.М. Бабырнама / орыс тілінен аударған Б.Қожабеков.—

Алматы, 1990. 129-130-бб.) еңбегінен алғаны туралы мәлімет 

берген.

24-0185



370

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

9.  Бекет атаның түс жоруы. Мәтіндер ӘӨИ-дің Қолжазба 

қорында сақтаулы (Ш.1206) қолжазбалар негізінде әзірленді. 

Қолжазбаны жинап, қорға тапсырған—Асқар Дүйсенбі.

10. Досмұхаммед ханның түсі. Бұл аңыз «Түс аяны» жинағы 

негізінде (20-б.) әзірленді. Жинақты құрастырушы Ж.Дәде баев 

түсініктемесінде аңызды Хафиз-и Таныш Бухаридың «Шах тар 

тарихы» (Хафиз-и Таныш Бухари. Шараф-нама-ий шахи.—М., 

1983. С.98-99) еңбегі бойынша бергенін жазған.

11.  Ертеден жеткен аңыз. Бұл аңыз халық арасына кең 

тараған. Көптеген басылымдарда, мерзімдік баспасөздерде жа-

рияланды. Аңыз «Ой-таным» журналында (2007, №4) жария-

ланған нұсқа негізінде ұсынылды.

12.  Жәнібек батырдың түсін Абылайдың жоруы. Мәтін 

М.Ж.Көпейұлының «Абылай хан» жинағында «Абылай 

хан дәуірі» тақырыбымен (Алматы, 1-том. 1993.—310-

313 б., құраст.: С.Дәуітов), «Егеменді Қазақстан» газетінде 

(11.01.1992, № 9-10. Дайындаған—С.Дәуітов) жарияланған. 

Қол  жазба нұсқасы ОҒК-ның Қолжазба қорында (1170 «б», 739-

745 бб.) сақтаулы тұр.

13. Жүсіп пайғамбардың түс жоруы. Аңыз мәтіні 

Ә.Диваевтың «Түстің баяны. Қазақша текст және орысша ау-

дармасы» еңбегінен (Сборник материалов для статистики Сыр-

Дарьинской области.—Ташкент, 1901) алынды.

14.  Ибн Сириннің түс жоруы. Аңыздар «Мұсылман» жур-

налы (№3-4, 2009) мен ӘӨИ-дің Қолжазба қорындағы А.Барлы-

баев жинаған материалдар (Ш.734) негізінде әзірленді. 

15.  Кенесары мен Омар. Аңыз түпнұсқасы ӘӨИ-дің қол-

жазбалар қорында (Ш.339,1-дәп.) сақтаулы. Мәтін тор көзді 

дәптерге көк сиямен кирилл әрпінде хатқа түскен.

Томға осы түпнұсқа негізінде ұсынылды.




370

371


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

16. Мөңке бидің түсі. Аңыз мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қо рын-

да сақтаулы (Ш.1206) қолжазба негізінде әзірленді. Қол жаз-

баны жинап, қорға тапсырған—Асқар Дүйсенбі.

17.  Мұхаммед пайғамбардың түс жоруы. Аңыз А.Барлы-

баевтың қолжазбасынан (ӘӨИ: Ш.734) алынды. Қолжазба араб 

әрпінде, көк сиямен қалың дәптерге жазылған.

18. Түс аян. Аңыз «Ой-таным» журналында (2007, №4) жа-

рияланған нұсқа негізінде әзірленді.

19. Хазірет Омардың айтқаны. Мәтін А.Барлыбаевтың жи-

нап, тапсырған қолжазбасы (ӘӨИ: Ш.734) негізінде әзірленді.

20.  Харон ар-Рашид патшаның түсі. Бұл аңыз «Түс аяны» 

жинағы негізінде (15-б.) әзірленді. Жинақты құрастырушы 

Ж.Дәдебаев түсініктемесінде мәтінді Қабыс патшаның ұлына 

арнап жазған өсиет еңбегінен (Қабуснама / Перевод, статья и 

примечания Е.Э.Бертельса.—М., 1953) алғанын жазған.

21.  Шыңғыс ханның қайын атасы Дэй шешеннің түсі. 

Аңыз мәтіні «Түс аяны» жинағы негізінде (17-б.) ұсынылды. 

Түсініктемесінде мәтіннің «Моңғолдың құпия шежіресінен» 

(монғолшадан аударған Мағауия Сұлтанияұлы.—Өлгий, 1979. 

30-32-бб.) алынғаны туралы мәлімет бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет